«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Ковыленка ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Ковыленка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жемқорлыққа жол жоқ

    Ковыленка негізгі мектебі

 

 

https://www.zharar.com/uploads/posts/2017-10/1508164041_20170606100915.jpg

 

 

      Сынып сағаты

          Тақырыбы:

«Жемқорлыққа жол жоқ »

 

 

 

 

 

                                                                                                                Өткізген: Жантасова А.Б.

 

 

 

2020-2021 оқу жылы

 «Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі»

(оқушыларға видео ролик көрсетілгеннен кейін сабақтың тақырыбы ашылады)

Мақсаты:

Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Тренинг-сабақ

Сабақтың түрі: Өздіктерінен жұмыс істеу

Сабақтың әдіс-тісілдері: түсіндіру, білім беру, оқыту, оқу, практикалық.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды мазайка арқылы екі топқа бөлу.

-Сыбайлас-жемқорлық деген не?

(оқушылардың пікірлері тыңдалады)

ІІ. Миға шабуыл: сыбайлас жемқорлыққа байланысты  «СТОП Коррупция!» видеоролигі көрсетіледі(роликтегі жағдайды ортаға салып талқылайды, сыбайлас жемқорлыққа анықтама береді, постер немесе кластер жасайды да қорғайды)

Ассоциация:

“Сыбайлас-жемқорлық” деген “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды. 

ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.

 

 

ІІІ. «Сұрақ-жауап» ойыны:

  1. Пара беру дегеніміз не?
  2. Пара мен сыйлықтың айырмашылығы қандай?
  3. Сыбайлас жемқорлық дегенімізді қалай түсінесіңдер?
  4. Сыбайлас жемқорлық жайлы мәліметтерді қайдан білесіңдер?

http://www.aktobegazeti.kz/wp-content/uploads/2012/01/%D0%91%D1%83%D0%BA%D0%B0%D1%80%D0%B02.jpghttp://kandalka1.narod2.ru/vospitatelnaya_rabota/antikorruptsionnaya_deyatelnost/iaid_no_korr_2011_3.jpg

 

ІҮ. Түсініктеме беру:

Қазақстан Республикасының № 267 «Сыбайлас жемқорлыққа күрес туралы» Заңы 1998 жылы 2 шілдеде қабылданды.

Бұл Заңның мақсаты - азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейдi. Осы Заң сол сияқты демократиялық негiздердi, мемлекеттi басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенiм нығайтуға, бiлiктi мамандарды мемлекеттiк қызметке кiруге ынталандыруға, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшiн жағдайлар жасауға да бағытталған.

Бұл заңның ерекшелігі сол, билік басындағы лауазым иелерінің қызмет бабын жеке басының мақсаттарына пайдалануына, келеңсіз әрекеттеріне тосқауыл қою болып отыр. Лауазым иесінің қызметтік міндетіне жатпайтын әрекеттер, мысалы, жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның, үшінші бір адамның пайдасына бағытталған іс-әрекеттер қылмыстық белгі құрамауы мүмкін. Сондай жағдайда келеңсіз қылығы әшкере болған лауазым иесі аталған заң негізінде жауап береді. Мемлекеттің мүддесіне, халықтың мемлекетке, заңдарымызға деген сеніміне нұқсан келтіретін лауазым иесінің теріс әрекеті жазасыз қалмау керек.

Басқару органдарындағы сыбайлас жемқорлық, қоғамдық өзекті мәселелер, осы әлеуметтік қауіпті құбылыспен күрес бірқатар мән-жайларға байланысты. Сыбайлас жемқорлық азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына әкеп соғады.

Аталған заңның талаптарына сәйкес, барлық мемлекет қызметшілеріне және құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтердің лауазымды адамдарына кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, соның ішінде шаруашылық жүргізуші субъектілерді басқару органдарына, ақы төленетін қызметтер атқаруға тиым салынатыны көрсетілген. Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар үшін өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органдар қажет болған

жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетiн адамдардың жеке басының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi.

Осы баптың ережелерi көрiнеу жалған ақпарат хабарлаған осы Заңға сәйкес жауап беруге тиiс адамдарға қолданылмайды.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарды жасағаны үшiн тәртiптiк жаза қолдану мерзiмдерi:

1. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адам немесе оған теңестiрiлген адам сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда тәртiптiк жаза терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей белгiленедi және жазаны терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiп қолдануға болмайды.

2. Қылмыстық iс қозғаудан бас тартқан не қылмыстық iстi қысқартқан жағдайда, бiрақ мемлекеттiк мiндеттер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның әрекеттерiнде сыбайлас жемқорлық әкiмшiлiк құқық бұзушылық немесе тәртiптiк терiс қылық белгiлерi болған кезде жаза қылмыстық iс қозғаудан бас тарту не оны қысқарту туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш айдан кешiктірілмей қолданылуы мүмкiн.

Біздің ел - ТМД елдерінің ішіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы арнайы заң қабылдаған бірінші және бірден-бір мемлекет. Мемлекеттік органдардың осы бағыттағы жұмыстарының нысандылығы мен тиімділігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері Елбасының жеке бақылауында тұрғандығына негізделген. Сыбайлас жкмқорлықтың өзекті мәселелері, оның пайда болуы, онымен күрес жүргізудің қылмыстық-құқықтық құралдары қызу пікір таластарын туғызу үстінде. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары сияқты қоғамға қауіпті іс-әрекеттер мемлекетіміздің басқару жүйесіндегі сәйкесті буындарды тұншықтырып, олардың қалыпты, заңды қызмет жасауына кедергі келтіреді. Ал, іс жүзінде бірқалыпты дұрыс қызмет атқаратын мемлекеттік органдардың қызметі ғана қоғамның экономикалық дамуына, оның мүшелерінің құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге қабілетті. Осыған орай мемлекеттік басқару жүйесін қорғау, оған қылмыстық қол сұғуды болдырмау ең маңызды мәселе болып табылады. Өйткені мемлекеттік аппарат қоғамды басқару жүйесінің қажеттілігі, басқару жүйесіндегі әр түрлі процестердің реттеушісі болып табылады. Жалпы сыбайлас жемқорлықпен күресу жеке адамдардың немесе жекелеген топтың ғана емес мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы. Осыны шынайы орындау үшін әрбір лауазым иесі өзінің жан-дүниесін ұдайы таза, адал ұстауы тиіс. Сонда ғана олар қарапайым халықтың сенімін ақтап, қоғамның тежеусіз дамуына үлес қосқан болар еді.

Ү. Сергіту сәті: «Выгода» Ералаш түріне берілген видеоролик көрсету.     

                              Қысқаша талқылау жүргізу.

ҮІ.  Тренинг: өздіктерінен жұмыс істеу

Әр топқа ситуациялық жағдайлар беріледі, оқушылар топ ішінде талқылап, сахналайды, сұрақтарға жауап береді. Әр топ бір-бірлерінің жауаптарын тыңдап, өз ойларын айтады.

1 топтың тапсырмасы:

Компьютер ойнауға ақша таба алмай отырған Ерлан мен Марат біраз ақылдасады. Ерланның есіне асханада ақша майдалатқан Қайрат түседі. Сол Қайратты қорқытып, ақшасын тартып алу керектігін Маратқа айтады. Сол мезетте келе жатқан Қайратты Марат алдап шақырады. Ойында арам ойы жоқ Қайратты Ерлан келіп бас салып, ақша тауып беруін талап етеді. Алғашқыда ойын екен деп ойлаған ол ақшасының жоқ екендігін айтса да, соңынан бұл істің қалжың емес екендігін ұғып, қалтасындағы бар ақшасын бере салады. Аман - есен құтылғанына қуанған ол анасына айтатындығын ескертеді. Ерлан мен Марат егер бұл істі біреуге айтсаң, онда жақсылық болмайтындығын Қайратқа жақсылап ұғындырады.
Сұрақтар: 1. Осы көріністе баланың қандай құқығы шектелген?
                    2. Ерлан мен Марат қандай қылмыс жасады?
                    3. Ерлан мен Мараттың қылмыс жасауына не себеп болды?
2 - топтың тапсырмасы:

Нұрлан 5 - сыныпта оқиды. Нұрланның білім алуға деген талабы жақсы. Оқыса жақсы оқитын оқушылар қатарынан орын аларлық қабілеті бар. Бірақ ата - анасының тәрбиесі баланы жолдан тайдырады. Нұрланның ата - анасы бала тәрбиесіне жауапсыз қарайды. Баланы сабақтан себепсіз жиі қалдырады, кейде тіпті апталап келмей қалатын кездері де болады. Мектепте, сыныпта ата - аналарға байланысты өтетін жиындарға да келмейді. Сынып жетекшісі осы жағдайға байланысты Нұрланның үйіне барып, ата - анасымен бірнеше рет әңгіме жүргізгенімен еш нәтиже шықпайды. Ата - анасы құрғақ уәде беріп құр шығарып салады. Бірер күн өткен соң жаңағы оқиға қайта қайталанады. Білім алу баланың басты міндеті екенін біле тұра оны орындауда әке - шешесі салғырттық танытады.
 

Сұрақтар: 1. Нұрланның ата - анасының қылығын қалай бағалайсыздар?
                   2. Сынып жетекшісінің орнында болсаңыз не істер едіңіз?
                   3. Ата - ананың бала алдындағы міндеттері қандай?


ҮІІ. Сұрақ-жауап:

1. Мұғалімге мерекелерде гүл шоқтарын сыйлау жемқорлыққа жатады ма?
2. Емделіп болған науқас дәрігерге өзінің алғысын белгілі - бір сыйлықты ( гүл, сағат, портрет.....) сыйласа жемқорлыққа жатады ма?
3. Жоғарғы оқу орындарында білім алушылар, емтихан уақытында оқытушыларына үстел жасаса, бағалы сыйлық әперсе, жемқорлыққа жатады ма?
4. Қала ішіндегі автобустардың кейбіреулері тендер ұтып алады да, қала ішінде жолаушыларды тасымалдау барысында көптеген қателіктер жасап жатады. Мысалға автобусқа адамдарды санынан артық отырғызу, аялдамасы жоқ жерлерде тоқтап, адамдарды үсті - үстіне алу жемқорлыққа жата ма? (шофер, басқарушы директор, инженер арасындағы сыбайластық жемқорлықты көрсету)

5. Нашақорлық дамып бара жатыр, себебі шетелдерден әкеледі, кейбір кедендер өз жұмыстарын жауапты орындамай, заң бұзушылыққа барады. Бұл жемқорлыққа жата ма?

ҮІІІ. Қорытынды: Сыбайлас-жемқорлықты  қалай  жоюға болады ?

  • Пара бермеу және алмау.
  • Мақсаты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншілігіңмен жетуге тырыс Парақорлықты көрсеңіз жергілікті органдарға  және ақпаратқа хабар беріңіздер.

Адамгершілік, әділеттілік туралы мақал-мәтелдер .

1.Адамгершілік болмай,
   Әділдік болмас.
2.Адамның ұяты бетінде,
   Адамгершілігі ниетінде.
3.Адамгершілікке арналған үш сауал бар:

  Шөлге құдық қазған бір сауап,
  Өзенге көпір салған бір сауап,
  Жолға ағаш еккен бір сауап.
4.Адалдық — ардың ісі.
5.Шындық жоқ жерде сұмдық көп.

6.Адамның әдемілігі шыншылдығында.
7.Ақихат сөзде алалық жоқ.
8.Әділ айтқан жеңер.
9.Әділдікке жығылмайтын адам жоқ.
10.Әкімің әділ болмаса жұрт бұзылады,
     Саудаң әділ болмаса нарық бұзылады.

 

Құрметті оқушылар әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап,мақсаты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншіліктеріңмен жетуге тырысыңдар!

 

 

 

 

Ковыленка негізгі мектебі

 

 

https://www.zharar.com/uploads/posts/2017-10/1508164041_20170606100915.jpg

 

 

Сынып сағаты

Тақырыбы:

«Еңбек-өмір мәні »

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                         Өткізген: Жантасова А.Б.

 

 

                                                                                                                  

                              2019-2020 оқу жылы

 

Сабақтың тақырыбы: « Еңбек – өмір мәні »

      Құндылық: еңбексүйгіштік;

      Қасиеттер: еңбекқорлық, талаптылық

Сабақтың мақсаты: 

оқушылардың еңбек, еңбексүйгіштік туралы түсініктерін кеңейту:

Міндеттері:

1. Білімділігі: еңбектің адам үшін маңыздылығын жан-жақты ашу;

2. Дамытушылығы: шығармашылық тұрғыдан еңбек ету қабілетін дамыту;

3. Тәрбиелігі: еңбексүйгіштікке,еңбекті бағалауға тәрбиелеу;

Сабақтың көрнекілігі:

  • Оқулық
  • Дәптер
  • Оқу құралдары
  • Ақ қағаздар

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

- Оқушылармен сәлемдесу

- Оқушыларды түгендеу

Сабақ қызықты, тиімді өтуі үшін бес ережені сақтаны

1.Тәртіп

2.Талап

3.Тыныштық

4.Тазалық

5.Татулық

Сабақ барысын талдау

 

Тыныштық сәті

            Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Табиғаттың сұлулығы соншалықты, қараған сайын қарай бергің келеді. Ондағы сұлу да нәзік гүлдерге, самғай ұшқан құстарға қызыға қараймыз. Бір сәт қасымызда мүлгіп тұрған тауға қарап, оның ұшар басына шыққымыз келіп кетті. Сол сәтте табиғат-Анамыз естіп тұрғандай, бізді әр түрлі түстерімен әсем көрінетін кемпірқосаққа айналдырып, аспан аясына орналастырды. Қандай керемет! Биіктен сан түрлі шашақ шашып, нұрға бөленген қандай ғанибет!!здің түрлі түсті сәулелерімізге қуана қарап, мәз-мейрам болған балалар. Көктен қарағанда табиғат сұлулығы бұрынғысынан да құлпырып кеткендей. Осындай сұлулыққа шын тамсанған, қызыға қараған сезімімізбен бойымыз сұлулық пен жылылыққа бөленгендей. Осы сұлулық пен жылылықты ұзақ сақтауға іштей уәде етіп, бұрынғы қалпымызға келейік.

 

Әңгімелесу:

        Оқушылардың екбексүйгіштік,еңбек туралы төменгі сыныптардан алған білімдерін еске түсіріп, олардың еңбекке көзқарасын, еңбек құндылығы туралы түсініктерін ортаға салу және жетістіктерге жету үшін адам бойында қандай жақсы қасиеттер болатынын  білу мақсатында төмендегі сұрақтар алқылы әңгімелесу жүргіземіз:

Сұрақтар:

  1. Еңбектің адам өмірінде қандай маңызы бар?
  2. Еңбек етуде адамның қандай ерекшелігі байқалады?
  3. Еңбексүйгіштік қасиетті қалай түсінесіздер?
  4. Еңбек етуде шығармашылық,шабыт не үшін қажет?
  5. Адам қабілетін қалай дамытуға болады?

        Берілген сұрақтар бойынша оқушылар еңбектің адам өмірінде басты орын алатынын,еңбекқорлық адамды зор жетістіктерге жеткізетінін түсінеді. Оқушылардың пікірлерін тыңдап, әр оқышының еңбек, еңбексүйгіштік туралы ұғымдары қалай түсінетінін және адамның еңбекпен қалай шыңдалатынын түсіндіруге бағыт беремін.

Жаңа сабақ

39 – бет

Дәйексөз

        «Еріншектік – дүниедегі  өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік- бәрі осыдан шығады»                                                 Абай

  • Дәйексөздің мәнін ашу;
  • Дәптерге жазып алу;

42 – бет

Мәтінмен жұмыс

        Оқулықта берілген аңыз әңгімеден  ағайынды жігіттердің еңбек ету қажеттілігін түсінбегінен бастап,олардың еңбек жемісіне қалай қол жеткізгенін оқиға желісінің қалай өрбігеніне көз жеткізуге болады.          Оқушылар аңызбен таныс болып, төменде берілген сұрақтар бойынша өз ойларын ортаға салады.

Сұрақтар:

  1. Қалай ойлайсыздар,егер ағайындылар жерден шынымен алтын тапқан жағдайда өзгерер ме еді?
  2. Сіздер ата-ана болсаңыздар,балаларыңызға еңбектенуді қалай үйретер едіңіздер?

  Сұрақтар алқылы мәтінді талдау барасында негізгі ойды оқушылар өздері пайымдайды.

39 – бет

Жағдаяттарды талдауа

  1. Нұржан мен Болат 9 сыныпта бірге оқитын. Екеуі бүгіннен бастап ұлттық тестілеу сұрақтарына дайындықты бастайтын болып келіскен. Бірақ Нүржан үйге келген соң Болатқа бара алмайтынын айтып , телефон шалды. Болат себебін сұрағанда , Нұржан:-әлі де уақыт бар емес пе  ?Үлгереміз ғой  деді Болат.

Нұржанныңәрекетін қалай түсіндірер едің?    

  1. Мұғалім оқушыларға «Табиғат» тақырыбына ғылыми жоба дайындауға тапсырма берді.

Нұржан:

-Болвт кітапханаға барып жоамызды әзірлейік

-Жоқ, табиғат туралы мәліметтерді жинақтай салуды ағама тапсырамын деді. Болат.

-Ағаң бізге қажет нәрсені білмейді ғой деді Нұржан.

- Ештеңе етпесжобамызды тапсырсақ болды емес пе?

- Жоқ ол....

Өздерің Нұржан мен Болатқа қандай кеңес берер едіңдер?

41 – бет

Ойын – жаттығу

      Мақал – мәтелдерді жалғастыру

  1. Еңбек қылмай ер оңбас,

           Бірлік қылмай ел оңбас.

  1. Еңбексіз өмір жоқ,

            Ауырсыз жеңіл жоқ

 

  1. Еңбек болмаса ,елге өкпелеме,

           Ықласын болмаса,  желге өкпелеме.

  1. Адамнан сұрағанның екі көзі шығады,

           Еңбектен сұрағанның екі бүйірі шығады.

  1. Жігіттің жұмсаған күшін сұрама,

            Бітірген ісін сұра.

  1. Еңбектің көзін тапқан,

           Байлықтың өзін табады.

  1. Еңбек ерлікке жеткізер,

            Ерлік елдікке жеткізер.

 

Дәйексөз

    «Еңбекті жан  тәнімен сүймейінше, ешбір талан та, ешбір кемеңгер де шықпайды »                                                                                          Д.И.Менделеев 

  • Дәйексөздің мәнін ашу;
  • Дәптерге жазып алу;

45 – бет

Тапсырма

       Тапсырма бойынша оқушылар берілген өлең жолдарын оқып, түйінді ойларды іріктеп алады.

Ел үшін еңбек етсең, халқын сүймек.

Біз үшін отқа,суға түсіп жүр деп.

Ер өлсе де , еңбегін ел өлтірмес,

Неше мың жыл өтсе де тарих білмек.            

С. Торайғыров.

- Білім  терең теңіз бе,

Білім,еңбек егіз бе?

Рухани азығым –

Осы екеуі деңіз де, -

Дейді атам – білімді

Еңбекпенен сен ізде!

Е. Шайхыұлы

42 – бет

Мәтінмен жұмыс

    Тақырып соңында «Мәтін оқу» айдарымен берілген ұлы тұлғалардың еңбек жайлы ойларымен таныс боламыз.

  1. Л.И.Рвинский
  2. Карл Линней
  3. Альберт  Энштейн
  4. Демосфен
  5. Ж. Аймауытов
  6. Шәкәрім

43 – бет

Үйге тапсырма

       « Адам көркі – еңбек » тақырыбына ақын, жазушы ретіндк өлең, шығарма, әңгіме құрастырыңыз, суретші ретінде сурет салыңыз

 

Қорытынды

Н. Байғанин

Жастықта еңбек ету қандай қызық,

Қуаныш билемей ме бойды кернеп?

Қызықты тұрмысымды етем десең,

Аянбай маңдай термен істе қызмет.

 

Тыныштық сәті

           Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңізді сынып есігіне қарай беттетіп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауа жұтып, шашыңызды желбіреткен желді және бетіңізді сәл - пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз, Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен жылылығын сезініңіз. Гүлдің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы.

            Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетініміз бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиянымыз тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің кез келген уақытта келіп демалатын орныңыз бар. Ал қазір мектептен қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір ірет қараңыз, таза ауадан терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым – жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ковыленка негізгі мектебі

 

 

https://www.zharar.com/uploads/posts/2017-10/1508164041_20170606100915.jpg

 

Сынып сағаты

Тақырыбы:

«Тұмау – өте жұқпалы ауру»

(алдын алу сағаты)


 

Картинки по запросу тұмау дәріс
 


 


 


 


 


 


 

 

 

 

 

 

                                                                                      Өткізген: Жантасова А.Б.

 

 

 

2019-2020 оқу жылы

 

Тақырыбы: Тұмау (грипп) — өте жұқпалы ауру.

Мақсаты: Жұқпалы аурудың алдын алу

Міндеттері:

  • тұмау, оның таралуы, вирустары, алдын алу шаралары, емі туралы түсініктерін топтық жұмыс формасында кеңейту;
  • доңыз тұмауының белгілерін және вирустарын нақты сипаттамалармен ұғындыру.

Түрі: дөңгелек үстел

Формасы: топтық жұмыс

Көрнекілігі: кесте, слайд, бейнероликтер.

Барысы:

  1. Қызығушылықты ояту.
  1. Ойға шабуыл (қатысушыларға сұрақтар қойылады) 

1) Тұмау (грип) деген не? 

2) Ол қалай адамға жұғады? 

3) Тұмау басталғанда адамның қай жері ауырады? 

4) Тұмаудан жазылу үшін қандай ем қолданады? 

II. Мағынаны тану

  1. «Тұмау» жайлы ақпарат (баяндама оқылады).

Тұмау (грипп) — өте жұқпалы ауру.

Тұмау немесе грипп (лат. grіppus, фр. grіpper, ағылш. influenza – “бас салу, шап беру”) – тыныс жолдарының жұқпалы вирустықауруы. Аурудың қоздырғышы – ортомиксовирустар, олардың үш типі: А, В, С бар. Өте жұқпалы ауру. Тұмау вирусының сыртқы қабыршағының құрамында гемагглютицин (оны Н әрпімен белгіленеді) және нейраминидаза (N әрпімен белгіленеді) болады. Олар әр түрлі факторлардың әсерінен өзгеріп, тұмау вирусының жаңа вариантын түзуі мүмкін.

Кейде ол асқынып кетіп тыныс жолын, нерв жүйесін, қан тамырды, жүректі ауруға шалдықтырады. Тұмауды қоздыратын вирустар(микробтар) тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді. Тұмау тиген адам аурудың микробын жөтелгенде, түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады. Сондай-ақ тұмау вирусы науқастың ыдысы, сүлгісі, қол орамалы, кітабы және т.б. арқылы жұғады.

Тұмау басталғанда адамның денесі дел-сал болып, көңіл-күйі нашарлайды және тағамға тәбеті шаппайды. Бір-екі күннен кейін дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, бұлшық еттері сыздап, буын-буыны сырқырайды, мұрны бітеді, дауысы қарлығып, жөтеледі, тамағы қызарып, жұтынғанда ауырады, көзі қызарып жасаурайды. Адам дереу дәрігерге көрініп, емделсе, үш-бес күннен кейін дене қызу төмендеп, сауыға бастайды.

Таралуы

Бір мезгілде бір болыс, өлке, тіпті бүкіл жер жүзі адамдарының жаппай ауруы мүмкін. Бір ауырған адам бір-екі жылға дейін қайтып тұмаумен ауырмайды. Тұмау салқын кезде жиі, ыстықта сирек кездеседі. Кейде адамға суық тиіп, тыныс жолының жоғарғы бөліктері қабынып, оның тұмауға ұқсауы да мүмкін. Бірақ бұл тұмау емес. Ол салқын тигенде мұрын, көмей, жұтқыншақтарды жайлайтын басқа микробтардың әрекеті. Тұмау вирусы күн сәулесіне және зарарсыздандырғыштар (хлорқышқылдар,спирт және т.б.) әсерінен тез қырылады.

Тұмау вирустары

Грипп вирустары — екі туыстасқа бөлінетін (А және В вирустар тобы), ортомиксовирустар тұқымдастығына кіреді. А туыстыққа 14 түрлі гемагглютининдері және 10 түрлі нейраминидазалары бар вируcтар кіреді. В туысты вирустар антигендік қасиеттері жағынан табиғи штамдарға жақын. Олар жаппай ауру туғызбайды және құстар мен жануарларды зақымдамайды. Тұмау вирусы өте тез тарайды. Инфекцияны қоздырушы – тұмаумен ауырған адам. Қоздырғыштар науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде және қақырық, сондай-ақ науқас адам пайдаланған заттар, т.б. арқылы таралады. Ауалы-тамшылы жолмен түскен вирус жоғарғы тыныс жолдарының беткей жасушаларына еніп, өсіп-өнеді де мұрынның шырышты қабаттарын зақымдайды, қанға сіңіп, жалпы организмді уландыра бастайды. Аурудың жасырын кезеңі 1 – 4 күнге созылады. Тұмау кезінде науқастың денесі дел-сал болып, тамағы мен тыныс жолдары ашиды, дене қызуы көтеріліп (38 С-қа дейін), асқа тәбеті болмайды. Басы ауырып, бұлшық еттері сыздайды. Адамға тұмау тигеннен кейін бірнеше сағаттан соң (кейде 1 – 2 күннен кейін) мұрыннан су ағады, даусы қарлығып, жөтеледі, қақырық пайда болады, иіс сезуі нашарлап, көзі қызарады. Тұмау, әсіресе, емшек еметін сәбиді қатты әлсіретеді. Баланың танауы бітеліп, демалысы қиындайды, мазасызданып, ұйқысы бұзылады. Тұмау ересек адамдар үшін де қауіпті, ол құлаққатамаққа, тыныс жолдары мен өкпеге зақым келтіруі мүмкін. Тұмаудан жазылғаннан кейін ағзадаиммунитет пайда болады, ол А типінен кейін 1 – 2 жылға, В типінен – 2 – 3 жылға созылады, С типінен кейін тұрақтанады. Сондықтан С типімен ауырған адамдар тұмаудың бұл түрімен қайталап ауырмайды.

Алдын алу шаралары

Тұмауға нақтылы диагноз қойып, науқасты оқшаулап, ауруханаларда не басқа тиісті мекемелерде карантин жарияланады. Тұмауға қарсы вакцина егіледі, оның ішіндегі ең тиімдісі – тазартылған вириондық вакцина. Алдын-ала организмді шынықтыратын емдер жасап, спортпен шұғылданған дұрыс.

Тұмау басталғанда адамның денесі дел-сал болып, көңіл-күйі нашарлайды және тағамға тәбеті шаппайды. Бір-екі күннен кейін дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, бұлшық еттері сыздап, буын-буыны сырқырайды, мұрны бітеді, дауысы қарлығып, жөтеледі, тамағы қызарып, жұтынғанда ауырады, көзі қызарып жасаурайды. Адам дереу дәрігерге көрініп, емделсе, үш-бес күннен кейін дене қызу төмендеп, сауыға бастайды.

Емі

Емі — дәрігердің бақылауында болып, оңаша, ауасы таза бөлмеде жатып емделу. Дене қызуын, дене сырқырауын, аспирин, пирамидон және т.б. дәрілер тез басады. Тұмау вирусына антибиотиктер пайда етпейді. Ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде аузы-мұрнын қолымен немесе орамалмен (шүберекпен) жабуға тиіс. Науқастың тек өзіне арналған ыдысы, орамалы т.б. болуға, олар жиі қайнатылып, жуылуға тиіс.

Тұмау асқынғанда науқасты ауруханаға жатқызып, кешенді емдеу шараларын жүргізеді. Арнайы дәрілер (оксолинамантадинремантадининтерферон, т.б.), антибиотиктер, қызу басатын, организмнің улануын азайтатын дәрі-дәрмектер беріледі.

Кейде ол асқынып кетіп тыныс жолын, нерв жүйесін, қан тамырды, жүректі ауруға шалдықтырады. Тұмауды қоздыратын вирустар (микробтар) тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді. Тұмау тиген адам аурудың микробын жөтелгенде, түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады. Сондай-ақ тұмау вирусы науқастың ыдысы, сүлгісі, қол орамалы, кітабы және т.б. арқылы жұғады. Тұмау вирусы өте тез тарайды. Бір мезгілде бір болыс, өлке, тіпті бүкіл жер жүзі адамдарының жаппай ауруы мүмкін. Бір ауырған адам бір-екі жылға дейін қайтып тұмаумен ауырмайды. Тұмау салқын кезде жиі, ыссыда сирек кездеседі. Кейде адамға суық тиіп, тыныс жолының жоғарғы бөліктері қабынып, оның тұмауға ұқсауы да мүмкін. Бірақ бұл тұмау емес. Ол салқын тигенде мұрын, көмей, жұтқыншақтарды жайлайтын басқа микробтардың әрекеті. Тұмау вирусы күн сәулесіне және зарарсыздандырғыштар (хлор, қышқылдар, спирт және т.б.) әсерінен тез қырылады.

Емі — дәрігердің бақылауында болып, оңаша, ауасы таза бөлмеде жатып емделу. Дене қызуын, дене сырқырауын, аспирин, пирамидон және т.б. дәрілер тез басады. Тұмау вирусына антибиотиктер пайда етпейді. Ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде аузы-мұрнын қолымен немесе орамалмен (шүберекпен) жабуға тиіс. Науқастың тек өзіне арналған ыдысы, орамалы т.б. болуға, олар жиі қайнатылып, жуылуға тиіс.

 

А(H1N1) доңыз тұмауы

Доңыз тұмауы немесе мексика тұмауы, болмаса «H1N1 вирусы» болжамға қарағанда доңыз ағзасында түрлі вирустардың қосындысынан пайда болған. Ол адам ағзасына түскен соң адамдар арасына жылдам тарай бастады. Бұл жаңа вирус өте жеңіл, жылдам тарайды және бүкіләлемдік індетті немесе тұмау пандемиясын тудыруы мүмкін.

Доңыз тұмауының белгілері кәдімгі тұмаудың белгілеріне ұқсас. Адамның қызуы көтеріліп, жоғарғы тыныс алу жолдары қабынып, тамағы ауырып, қалтырайды. Сырқат аса күрделі болмаса, сіз бес-жеті күн төсекте жатқаныңызбен, содан соң тағы бір, екі аптаға дейін жақсы болып кете алмайсыз. Егер сізде кәдімгі тұмаудың белгілері болса, сіз доңыз тұмауы белсенді түрде таралып жатқан жерде тұратын болсаңыз, немесе сіз осындай жерден келсеңіз, болмаса сіз доңыз тұмауымен ауырған адаммен кездескен болсаңыз, онда осының барлығы сізде аталған тұмаумен ауырып қалмадым ба деген күдік тудыруы керек.

Бұл вирус қалай пайда болды?

«Доңыз тұмауы» жалпы шошқаларда кездесетін, А типті вирусқа жол ашатын ауру. Бұл ауру тез тарайды. Ауру шошқаларға тигеннен жұғатын тыныс алу науқасы болып табылады. Шошқалар арасында бұл ауру тыныс алу жолдары арқылы, тікелей немесе жанамалы байланыс арқылы жұғады. Тұмау дегенмен, бұл вирус шошқаларда жылдың барлық мезгілінде шыға береді.

Адамдардағы тұмау вирусы секілді шошқалардағы вирус та әрдайым өзгеріп отырады. Шошқалардың тыныс алу жолдарында шошқа, адам және құс тұмауы вирустарына сезімтал ағзалар болады. Сондықтан шошқалар осы вирустарды бірдей уақытта жұқтырса, жаңа тұмау вирусы пайда болуы да ықтимал. A/H1N1 вирусы адам, шошқа және құс тұмауы вирустарының араласуынан қалыптасқан. Вирус шошқадан адамға, сондай-ақ адамнан адамға жұғады. Әзірше бұл вирусқа қарсы адамда табиғи иммунитет жоқ. Оның қауіптілігі де осында.

A/H1N1 вирусының жалпы клиникалық белгілері маусымдық тұмауларға ұқсас. Адам тұмауға шалдыққанда дене қызуы көтеріліп, қалтырайды, тыныс алу жолдары қабынады. Оның алғашқы белгілері кәдімгі тұмауға, жоғарғы тыныс алу мүшелерінің суықтауына қатты ұқсайтындықтан, вирусты бірден анықтау қиын.

Шошқа етінен ауру жұға ма?

Шошқа етін жегеннен тұмау жұқпайды. Вирус тыныс алу жолдары арқылы жұғады. «Доңыз тұмауы» етті 70 градуста пісіргенде өледі. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мағлұматтарына қарағанда, «Доңыз тұмауының» халықаралық таралымы әлі белгісіз. Аурудың Америка Құрама Штаттарында өте жұқпалы деңгейде екені белгілі. Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа (Ұлыбритания, Швеция, Италия), Африка мен Қытай, Жапониядағы шошқаларда бұл қауіптің жоғары екені анықталды.

Аталмыш вирусқа қарсы шошқаларға арналған вакцина бар. Алайда адам үшін әлі вакцина табылмады. Маусымдық тұмау вакциналарының «Доңыз тұмауына» қарсы қаншалықты әсер ететіні белгісіз. Себебі тұмау вирустары өте тез өзгереді. Дегенмен мамандар «Доңыз тұмауына» қарсы жақсы әсер ететін вакцина биыл күзде, атап айтқанда қыркүйек-қазанға дейін табылып қалар деп болжайды. Ал Қытай оның емін таптық деп жариялап та үлгерді. Дәрі қазір сынақтан өткізіліп жатыр.

Ресми деректерге қарағанда әлемде «Доңыз тұмауынан» бір мыңнан аса адам қайтыс болған. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы сырқат жұқтырған 177 мың оқиғаны бақылауына алып отыр.

Вирусологтар A/H1N1 вирусы әсіресе қарт адамдар мен жас балаларға, иммундық жүйесі әлсіздер мен денесін май басқан толық адамдарға, екіқабат әйелдерге тез жұғады дейді. Ал жасы 65-тен асқандарда қорғаныштық реакция өте мықты.

Қауіптің әлі сейілмегенін ескерте отырып, егер де тұмаурата қалсаңыз, уақыт созбай дәрігерге көріну керектігін ескертеміз. Ал жаныңыздағыларда тұмау белгісі байқалса, онда медициналық дәке тағып жүрген жөн. Қазіргідей қауіпті жағдайда оның түк те ұяты жоқ. 

 

А(H1N1) тұмауы бойынша жадынама

Астанада А(H1N1) тұмауының пандемиялық вирусының алдын алу және оның таралуын болдырмау шаралары күшейтілуде.

А (H1N1) тұмауы ауа арқылы және адамнан адамға жұғатын өткір тыныс жолдары ауруы.Негізгі клиникалық белгілері , әдетте маусымдық тұмау сияқты өтеді - мұрын бітуі, тамақ ауруы, жөтел, бас ауруы, қызу көтерілуі.

Тұмауды емдеу кәдімгі маусымдық тұмау сияқты жүргізіледі.

А(H1N1) тұмауының алдын алу мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі Мемсанэпидқадағалау Комитетінің Астана қаласы бойынша департменті және Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы төмендегіше кеңес береді:

1. Мүмкіндігінше пандемииялық тұмау оқиғалары тіркелген алыс және таяу шетелдерге баруды шектеу.

2. Тыныс жолдары ауруларының клиникалық белгілеріне (қызу көтерілуі, тамағы ауруы, жөтел, мұрын бітуі) назар аудару.

3. Ауру белгілері пайда болса, дәрігерлермен кеңесу.

4. Бұл жағдайда басқа адамдармен байланыстан аулақ болу.

5. Қолды сабынмен немесе спиртпен сүрту.

6. Бөлмелерді, әсіресе жалпы пайдаланудағы орындарды желдету.

7. Егер Сіз немесе отбасыңыз мүшелерінің бірі сырқаттанса, мектепке дейінге балалар мекемелеріне, мектепке немесе жұмысқа бармау.

8. Ауру белгілері пайда болса, біржолғы бетпердені пайдалану.

9. Ауру белгілері пайда болса, туыстармен және достармен байланыстарды шектеу.

10. Шетелден келгеннен кейін жеті күн бойы шұғыл медициналық көмекке жүгіну үшін көңіл күйіңнің төмендей бастағанын байқататын белгілер мен денсаулық жағдайын бақылау.

Тұмау дерті — дала ызғарын сездіре бастағаннан адамның бойына жабысып алатын аса қауіпті болмаса да, жағымсыз дерт. Бірақ, ауруға ем қолданбай, асқындырып алсаңыз, соңы өлімге әкеп соқтыратын ауруларды тудыруы ғажап емес.

        Әлсіздік, дауыс ырғағының бұзылуы, мұрыннан судың тамшылауы  тұмаумен ауыра бастаған адамның мазасын қашырып, төсекке қарай тартады.

        Ал сіз осы белгілермен күресудің тиімді жолы массаж екенін естідіңіз бе?

       Тыныс жолдары тарылса — кеңейтетін, басты ауру қысқанда — жазатын, мұрын қуысын тазалайтын “нүктелі массаждың” пайдасын көп адамдар біле бермейді. Нүктелі массаждың көмегімен қанайналым арқылы бойға оттегі көп мөлшерде тарайды. Егер тұмаудың алғашқы белгілері байқалса, жаттығудың көмегімен аурудың бетін қайтарып көріңіз. 

  1. Орындық үстіне аяқ пен жауырынды тік қойып отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз да, терең демалыңыз. Екі алақаныңызды бір-біріне үйкеңіз.
  2. Ортаңғы үш саусақпен екі бетіңізді басыңыз. Басуды барған сайын күшейте түсіңіз. Саусақ ұштары бет сүйегін сезгенше басып тұрыңыз. 1 минут осы қалыпты сақтаңыз.
  3. Ірі саусақтарыңызды көзге жақын, шеке тұсына апарып орналастырыңыз. Енді қатты қимылмен, шеңбер жасай отырып, шекеңізді уқалаңыз.
  4. Екі сұқ саусағыңызды екі қастың үстіне қойып, саусақты ортаға қарай қатты салмақпен жылжытыңыз. Сонда қастарыңыз да бірге жиырылады.  Енді саусақты қастан сәл көтеріп, қимылды қайталаңыз. Осы қимыл маңдайда, шаш түбінде жалғасады.
  5. Саусақ ұштарымен маңдайыңызды 10 секунд бойы жеңіл соққылармен ұрыңыз. Келесі 10 секундта көздің астын жеңіл қимылдармен ұрыңыз.

Енді қолыңызды қатты сілкіп-сілкіп алыңыз. Бұл массаждан кейін қолда пайда болған ауыртпалықты түсіреді.

 

 

 

 

 

 Еңкею жаттығулары

  1. Тік тұрыңыз. Аяғыңыз иық деңгейімен бірдей, табан сәл алға жылжулы болсын.
  2. Терең дем алыңыз. Демді ішке тартқанда, арқаны тік ұстап, алға сәл еңкейіңіз. Енді денеңізді мына қалыпта ұстаңыз: қолдарыңыз алға созулы, омыртқа еденге параллельді орналасқан, арқа тік, мойын омыртқамен бір сызықта, дем іште (еркін тұру қиын болып жатса, орындыққа тіреліп тұруға болады). 10 секундтан кейін, денені бос жіберіп, бар демді сыртқа шығарыңыз.
  3. Келесі жаттығудың жағымды әсері бар. Төбеңізден әлдебір күш өзіне қарай тартып жатыр деп ойлаңыз: қолдарыңыз барынша жоғары көтерулі, денені тігінен созулы, демді ішке қарай тартыңыз. Қалыпты тұрысқа келгенде, демді сыртқа шығарып жіберіңіз.
  4. Басты оңға және солға сілкіп алғаннан кейін, терең дем алыңыз. Бұл жаттығу сергітеді.

    

 

 

 

 

 Тыныс алуды реттеу жаттығулары:

  1. Еденге немесе орындыққа арқаны тік ұстап отырыңыз. Оң қолыңызды мұрын тұсына перпиндикуляр етіп орналастырыңыз.
  2. Келесі қолдың сұқ саусағымен оң алақаныңызға күш түсіріңіз. Саусақ пен алақан арасында мұрын болады. Қатты салмақтың әсерінен мұрын қуысына да күш түседі. Осы қалыпта 10 секунд тұрыңыз.
  3. Кейін қолдарды алмастырып, бірнеше рет массажды орындаңыз.

Тұмауға қарсы дәрі-дәрмек көп. Бірақ, дәрілер ауруға ем болса, басқа мүшелерге кері әсерін тигізеді. Сондықтан да, өз ағзағыңызға өзіңіз дәрі болып көріңіз. Жоғарыда ұсынылған жаттығулар кешені тыныс жолдарына өте пайдалы. Ал тұмау кезінде бұл жаттығулар — таптырмас ем. Бастысы, ерінбей, жаттығуларды жасай білу керек. Басты қағида: ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде!

  1. Топпен жұмыс 

Қатысушыларды 4 топқа бөліп, әр топқа тапсырмалар беріледі. 

1. Тұмау дегеніміз не

2. Тұмаудың алдын алу 

3. Тұмаудың алғашқы белгілері. 

4. Тұмаудан сауығу үшін қандай ем қолданады

Жауаптар оқылып, талдау жасалады. 

  1. Рольдік ойын «Ата – ана мен бала».

Ойынға: мұғалім, ата-ана, оқушы, бала қатысады. 

Мұғалім өзінің оқушысының тұмаумен ауырғаның байқап, оқушының ата-анасамен хабарласады, Ата-анасы баласын дәрігерге апарады. 

  1. Венн диаграммасы:

Тұмау пен басқа бір ауру түрін салыстыру

  1. «Тұмаудың алдын алу» бейнеролигі https://yadi.sk/i/CD_ZkM4BnKrdu

III. Ой қорытындысы: Рефлексия парағын толтырады.

 

Жаңартылған күні: 14.10.2020 09:06
Құрылған күні: 14.10.2020 09:06

Текст