«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Ковыленка ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Ковыленка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ковыленка негізгі мектебінің 2019-2020 оқу жылындағы кәсіптік бағдар бойынша жүргізілген іс-шаралар туралы ақпарат

Ковыленка негізгі мектебінің 2019-2020 оқу жылындағы кәсіптік бағдар бойынша жүргізілген іс-шаралар туралы ақпарат

 

  Бірлестік орта мектебінде оқушыларға кәсіптік білім беру, кәсіби бағдарлау 8 сынып оқушыларынан басталады. Себебі оқушы болашақ кәсібін анықтауға ерте дайындалуы тиіс.

Бірлестік орта мектебінде кәсіптік бағдарға арналған жеке кабинет жоқ. Мектеп дәлізінде арнайы ақпарат бұрышы жасақталған. Ол бұрышта оқушыларға түсінікті түрдегі ақпараттар мен кеңестер, мамандық жіктемелері көрсетілген. Дұрыс мамандық таңдау жолдары да көрсетілген.

Кәсіптік бағдарлауға 8-9 сыныптардан барлығы-8 оқушы қамтылған.

Оқушылар және олардың ата-аналарымен жүргізілетін жұмыстың түрлері өте көп. Олар, әңгімелесу, пікір-талас, кеңес беру, дөңгелеу үстел, жарыс, ашық тәрбие сағаттары, түрлі тақырыптық ойындар.

Ата-аналармен оқу жылының басындағы бекітілген жоспар бойынша жұмыстар уақытылы өткізілді.

Сынып жетекшілер үнемі психологиялық кеңес беру, тренингтер ұйымдастырады. 8-9 сыныптардың сынып жетекшілері ата-аналармен жүргізілетін жұмыс жоспарларына да түрлі тақырыптық шаралар енгізген. Атап айтсақ қазан айында «Егер де менің балам...» танымдық рөлдік ойын, желтоқсан айында «Мамандыққа көзқарас» дөңгелек үстел, наурыз айында «Ата-ананың мамандық таңдауға ықпалы» тақырыбында баяндама жасалды. Барлық ата-аналар бұл атаулы шараларға белсенді қатысты.

Қараша айында 9 сыныпта мамандық таңдауға, кәсіптік бағдарлауға байланысты ашық тәрбие сағаттары өтті. Ашық тәрбие сағаттары өте жоғары деңгейде өтті. Балаларға қызықты әрі қажетті ақпараттар негізінде ұйымдастырылған.Тақырыптық видеожазбалара, слайдттар, түрлі рөлдік ойындар, сахналық қойылымдар да көрсетіліп, болашақ мамандықтары жайлы ойларын да ортаға салды.

 Желтоқсан айында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бакишев Б Г «Кешкі кездесу» бағдарламасы негізінде кәсіби маман иелерімен кездесу ұйымдастырды. Кездесуге келген кәсіп иелері оқушыларға мамандықтары жайлы қызықты ақпараттар беріп, қиыншылық жақтарын да атап өтіп отырды. Мамандық таңдауда қателеспеуге, асығыс шешім шығармауға шақырып, өз кәсіптері жайлы өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.

 Көкшетау қаласындағы арнаулы орта білім беретін колледждер мен университеттер үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін қаңтар айында оқушылармен кездесу өткізді. Мектеп түлектерін оқу орнының маңыздылығы, мамандық түрлері, салалары, қазіргі таңдағы маңыздылықтары туралы мәліметтермен ақпараттандырды.

Ақпан айындағы жүргізілген сауалнама негізінде 9 сыныптардың оқушыларының басым бөлігі яғни 76% техникалық мамандықтар таңдайтындарын белгілепті. Себебі қазіргі таңдағы оқу гранттар санының көп бөлінуіне байланысты болды. Басым бөлігі ер балалар жағы. Ал қыздар жағы гуманитарлық мамандықтарды таңдайтындарын белгілепті.  

 

 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:                   Бакишев Б Г.

 

Жаңартылған күні: 19.05.2020 14:25
Құрылған күні: 19.05.2020 14:25

Текст