«Ковыленка негізгі мектебі
» ММ
Әйелдерге қатысты
зорлық-зомбылық!
16 күн акциясы туралы
ақпарат.
Әйелдерге қатысты
кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы (Қазақстан Республикасы 1998 жылғы
29 шілдеде ратификациялаған) конвенция ережесіне сәйкес жыл сайын 25 қараша
Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық көрсетуді жою күні аталады,
осыған орай, Ковыленка негізгі мектебінде жылдың 20 қараша - 10 желтоқсаны
аралығында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты бірлесіп тоқтатайық!» ұранымен
«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өткізіледі.
Акцияның негізгі мақсаты көпшілік
халықты әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту, алдын алу, әйелдерге
қатысты зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен жеке-профилактикалық жұмысты
жүзеге асыруға бағытталған жүйені қалыптастыру бойынша қабылданып жатқан
шаралармен таныстыру, сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің №1325 Қарарының
халықаралық құжаттарын зерделеу болып табылады.
5-8
сыныптарда Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты бірлесіп тоқтатайық! сынып сағаты
өткізілді.Сынып сағатында оқушыларға зорлық-зомбылық туралы көп мәлімет берілді
және де оқушылардын барлық сұрақтарына жауап берілді.Видео роликтер мен
презентациялар көрсетілді.
1-4 сынып аралығында арнайы сынып сағаттары өткізілді.Оқушыларға әйелдерге
қатысты зорлық-зомбылық дегеніміз не екенін және онын түрлерін түсіндіріп өтті.
Барлық оқушылар қызығушылықпен қатысты,көп мәлімет алды,сондай жағдайлар
болған кезде қайда қонырау шалуға болытының
білді.