Қазақ тілінен оқушылардың сөйлеу тілін дамытуға
арналған
ойындар
мен тапсырмалар
(мектеп оқушыларына арналған дидактикалық құрал)
Кіріспе. Түсінік
хат.-------------------------------------------------------------------- 3-бет
Сөйлеу тілінің кемшілігі бар оқушыларға арналған
жұмыс ------------- 4-бет
Қорбаңбай аюдың тапсырмасы
------------------------------------------------- 5-бет
“Киіз үйдегі дыбыстар” ойыны
-------------------------------------------------- 6-бет
“Қарлы кесек” ойыны
-------------------------------------------------------------- 7-бет
“Бәйге”
ойыны------------------------------------------------------------------------ 8-бет
“Тіл өнері”
ойыны------------------------------------------------------------------- 9-бет
“Күн шуағы”
ойыны-----------------------------------------------------------------10-бет
“Ат қой”
ойыны-----------------------------------------------------------------------11-бет
“Кім зерек?”
ойыны----------------------------------------------------------------12-бет
Сын есім мен
зат есім-------------------------------------------------------------13-бет
Жарыс
ойын--------------------------------------------------------------------------14-бет
Дара және
күрделі сын есімдер-------------------------------------------------15-бет
Көңілді
шумақтар-------------------------------------------------------------------16-бет
“Адасқан
атаулар” ойыны--------------------------------------------------------19-бет
“Кім бәрін
біледі?” ойыны--------------------------------------------------------20-бет
Ойыншықтармен
ойнаймыз-----------------------------------------------------21-бет
Түсінік хат
Білім мазмұнын жаңарту , үздіксіз білім беру жүйесін
дамыту – өмірдің
өзі талап етіп отырған бүгінгі күннің объективті
заңдылығы.Дүниежүзілік білім беруді ұйымдастырудың ең озық тәжірибелеріне
бағдарлап қарайтын болсақ , бірден – бір
ерекшелік – жаңа типті оқыту. Оқытуда және тәрбие беруді ұйымдастырудағы басты
принципі – баланың туа біткен , табиғаттан
алған бар қабілетін көздейтін ең қолайлы жағдайды
жасай отырып , бала –
ның жан - жақты дамып , биікке көтерілуіне
көмектесетін принцип.
Мақсаты: әр түрлі ойын түрлері мен тапсырмалар ,
өлең шумақтары арқылы баланың сөйлеу тілін дамытып , ой – өрісін кеңейту.
Міндеті:
-
Дыбыстардан сөз құрай алу;
-
Сөздерден дұрыс сөйлем құрай алу;
-
Логикалық тапсырмаларды орындай алу;
-
Ойынның шартын бұзбай , дұрыс орындай алу;
-
Дұрыс жазу сауаттылығын меңгерту;
-
Мәнерлеп оқу мәдениетін қалыптастыру;
Ойын
балалардың танымдық дамуына әсер етеді , білімдерін кеңейту қажеттігін
туғызады. Ойын білімдерді мақсат қоя және дәйектілікпен қайталауға , оларды
ойын әрекеттерінде ережелерді іске асыруға үйретеді.
Қазіргі кезеңде оқушылар арасында кейбір дыбыстарды
айтуда қиналатын балалар жиі кездеседі . Кейбірінің сөйлесу тілдері кешірек
дамиды немесе мүлде дамымауы мүмкін . Қазақ тілі пәні бойынша жасалған жұмыстың
бұл түрі сөйлеу тілінің кемістігі бар оқушылардың білімі мен біліктілігін
көтеруге негізделіп отыр . Мұндай тапсырмалар мен ойын түрлерін оқушылардың
материалды толық меңгеруіне және сөйлеу тілін жаттықтыру кезінде оқушылардың
қателігін түзетуге септігі тиетін қажетті құрал деуге болады және оқушылардың
лексикалық – грамматикалық білім деңгейін көтеруге ықпалы мол .
Жұмыстың
бұл түрін оқушылардың I , II және III
деңгейдегі тіл кемістігі бар балаларға да қолдануға болады. Сөйлеу тілін
қалыптастырудың әрбір этапына арналған сөздіктер мен сөз тіркестерінің өзіндік
ерекшеліктері
3
жүйеленген түрде қолданылады. Жұмыстың бірінші этапында балалардың айтуына
және түсінуіне жеңіл сөздер қолданылады . Бұл кезеңде сөйлеу тіліне жеңіл
айтылатын сөйлемдер құрастырылады . Яғни , шағын әңгіме немесе жеңіл айтылатын
диалог қолданамыз .
Жұмыстың
екінші этапында сөйлемнің құрылысына көңіл аударамыз . Сөй – лемнің
грамматикалық құрылысы мен айтылуына көңіл аударамыз .
Жұмыстың
үшінші этапында сөзді байланыстырып сөйлеуге үйретеміз . Байланыстырып сөйлеу –
бұл коммуникативті қызметтің күрделенген формасы .
Берілген
тапсырмалар мен ойын түрін мұғалім өзі сабақтың әрбір этапына сай таңдап алады.
Егер ,
мұғалім осы жоғарыда айтылып кеткен I , II , III этап түрлерін сабақ кезінде
қолданбаса оқушының сөйлеу тілі дұрыс
қалыптаспайды .
Сондай – ақ
, тіл дамыту мақсатында көңілді өлең шумақтар да пайдаланылады.
Сөйлеу тілінің І деңгейдегі кемшілігі бар
оқушыларға арналған жұмыс түрлері
Мұндай
кемшілігі бар балалар тілдерін таңдайларына жапсырып сөйлейді немесе кейбір
дыбыстарды анық айтпайды. «Әке» , «ана» ,
«бер» деген сөздермен ғана шектелуі мүмкін . І деңгейдегілердің
грамматикалық тұрғыдан түсінігі төмен болады . Олар сан есім , сын есім және
септік түрлерін ажырата алмайды . Лексиканы түсінсе де , олардың грамматикалық
тұрғыдан білімі нашар болады . Бұл оқушылардың есту қабілеті мен көру қабілеті
және есте сақтай алу қабілеті дұрыс қалыптаспаған. Зейіні тұрақсыз , жұмыс
істеу қабілеті төмен болады . Осының бәрін есептей келе , осындай категорияға жататын
оқушыларға арналған коррекциялық
жұмыс түрлерін біз төменде
көрсетеміз .
Алдымен біз
сөздермен жұмыс жасаймыз . Балалардың сөздік қорын молайтуымыз қажет .Біздің
таңдаған сөздеріміз балалардың айтуына және түсінуіне жеңіл болуы керек . Бұл
сөздер зат есім , сан есім , етістік , есімдік болуы да мүмкін . Алдымен ашық
буынды сөздер , мысалы ; ата , апа , әпке немесе буынға бөлінбейтін сөздер ;
доп , бер , ал т . б . сөздерді қолдануға
4
болады . Ақырындап сөздің құрылысы күрделене
бастайды . Одан соң екі сөзден құралатын сөйлемдер айта бастайды . Мысалы ; Бұл
– әкем . Бұл – анам . Анам отыр . Мынау – доп . Сөйлем одан әрі күрделене
түседі ; Бұл – кішкентай доп . Бала өзінің ойыншықтарын атай ала ма ? Ол үшін
әр түрлі ойындар мен тапсырма түрлерін жүргізуге болады .
«Қорбаңбай аюдың» тапсырмасы :
«Ө» дыбысына
байланысты сөздерді тауып жаз:
Ө-
ө--- ө----
«Кім жылдам ?» ойыны.
Мақсаты : жылдам әрі дұрыс оқуға үйрету.
О – Ө дыбыстарының орнын ауыстырып оқу.
Соз – сөз тор – төр жон – жөн от – өт
Соқ – сөк торт – төрт тос – төс он – өн
Қасқырдың тапсырмасы :
Жұмбақты шешу :
Көктемде ерте гүлдеймін ,
Кешігуді білмеймін.
Қай жеміс? (өрік ) «Сөз ойла , тез
ойла» ойыны.
Мақсаты: буыннан сөзді жылдам әрі дұрыс құрастыруға
үйрету.
Тапсырма .Төмендегідей буын түрлері беріледі :
Кі , түл ,қыр , қас , ған , ту , тем , көк , міс ,
же , шы , оқу , ла , ба
«Кім тапқыр?» ойыны
Мақсаты: жылдам ойлау қабілетін дамыту.
Тапсырма.
«Ұұ» әрпі бар сөздерді ойлап айтады.
5
«Киіз үйдегі
дыбыстар» ойыны.
Мақсаты: дауысты , дауыссыз дыбыстарды қайталату ,
әріптерден сөз құрап , дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
Ойынның
шарты. Мұғалім шашылған әріптерді көрсетеді.Оқушылар киіз үйге әріптерді
орналастырады.
Қызыл киіз
үйге дауыстыларды , көк киіз үйге дауыссыз дыбыстарды орналастырады.
Тапсырма. Осы әріптерден сөз құрастыру.Дыбыстық
талдау жасату.
«Кім шапщаң?»
ойыны.
Мақсаты:
«Пирамида» құрастыруға және шапшаңдыққа
үйрету.
Тапсырма.
«Пирамида» құрастыр.
Мысалы: А – дан басталып , А – мен аяқталатын
сөздерден «Пирамида» құрастыру.
А – А АнА
А - - А АлмА
А - - - А
АрттА
А - - - - А
АстанА
А - - - - - А
АйдындА
А - - - - - - А
АтыраудА
А - - - - - - -А
АйдынындА
А - - - - - - - - А
АйшолпандА
«Адасқан әріптер» ойыны.
Мақсаты: Логикалық ойлау қабілетін дамыту.Әріптерді
орнына дұрыс қойдыру арқылы ой – қиялын кеңейту.
1.ЕҚАШНА ӨКТРІІ АТЙПА.
2.БЛІНЕМІҢГЕДІ – БІЛНЕНГЕН СРҰА.
«Жұмбақты
математика»
Мақсаты: Логикалық ойлау қабілетін дамыту.
6
1-тапсырма.Картоп , сәбіз , қызылша , қызанақ –
қосылғыштар.Қосынды не болады?
Жауабы: Көкөністер болады.
2-тапсырма.Қосындысында мектеп сыныбы.Қосылғыштарды
тап.
Жауабы: орындық , үстел , парта , тақта , гүлдер ,
шкаф.
«Қарсы
мағынасын тап!» ойыны.
Мақсаты:Сөздердің мағынасын ашып , жаздыруға үйрету,
антоним сөздерді қайталату.
Мысалы:биік – аласа , ақ – қара , ұзын – қысқа ,
жоғары – төмен т.б.
«Қарлы кесек» ойыны.
Мақсаты: мәтіннің мазмұнын түсініп , оны әңгімелей
білуге үйрету.
Ойынның шарты:топ мәтін мазмұнына сай сұрақтар
құрастырып , келесі топқа қояды.Қарсы топ жауап беруі қажет.
«Сандар сөйлейді» ойыны.
Мақсаты: кесте толтыру арқылы білімдерін анықтау.
Мысалы:
1949 жыл – Семей сынақ алаңында қуаты күшті ядролық
жарылыс жасалды
1955 жыл – бірінші сутек бомбасы сыналды.
1989 жыл – Қазақстанда ядроға қарсы Олжас Сүлейменов
бастаған «Невада - Семей» қозғалысы
пайда болды .
1991 жыл – Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев Семей
полигонын жабу туралы Жарлық шығарды.
456 –Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы
саны .
29 тамыз – Семей полигонындағы сынақтардың басталған
күні .
«Үндемейміз , бірақ көрсетеміз» дидактикалық ойыны.
Мақсаты: оқушыларды тапқырлыққа , шыдамдылыққа
үйрету.
Ойынның шарты : Мұғалім жұмбақтар жасырады.Сол жұмбақтардың
шешуіндегі үй жануарларының суретін оқушылар дұрыс көрсетуі тиіс.
7
Маң – маң басып келеді ,
Тапырақтап желеді .
Мойны ұзын , үсті тау ,
Ертеден елге бел еді.(түйе)
Екеуі елеңдеп келеді ,
Төртеуі төбелесіп келеді. (жылқы)
Кішкентай ғана бойы бар ,
Айналдырып киген тоны бар. (қой)
Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар. (сиыр)
«Бәйге» ойыны.
Мақсаты: өлең бойынша сұрақ – жауап жүргізу арқылы
оқушының ой – қиялын дамыту.
Мысал ретінде С.Торайғыровтың «Кедей» өлеңін алайық.
1.Өлеңде жылдың қай мезгілі айтылған? Оны қай жолдан
білдіңдер?
2.Ал тәуліктің қай мезгілі?Ол қай сөздерден
білінеді?
3.Бұл адам қараңғы түнде не істеп отыр?
4.Оның қасында не бар?
5.Оның киімі қандай? Тоңып отырғанын қай сөзден
білеміз?
6.Кедей деп кімді атаған?
7.Өлеңнен қай кездегі халықтұрмысын білуге болады?
«Ойлан , тап!» ойыны.
Мақсаты: Үзіндіні оқып , шығарманың атын және
авторын анықтай алуға үйрету.
Ойынның
шарты. Бұл кезеңде ұлы ақын – жазушыларымыздың шығармаларынан үзінділер
беріледі.Әр топқа 2 шығармадан үзінді (өлең , әңгіме) беріледі.Үзіндіні оқып ,
шығарманың атын және авторын табу қажет.
8
«Тіл өнері» ойыны.
Ойынның шарты: жұмбақты шешіп , оны орыс , ағылшын
тілдеріне аудару қажет.
1.Адамға серік ,
Күзетке берік.(ит – собака - daq)
2.Асты тас ,
Үсті тас ,
Ортасында піскен ас.(нан – хлеб - bread )
3.Қыста ғана болады ,
Ұстасаң қолың тоңады.(қар – снег - snow)
4.Өзі сондай нәзік ,
Су құйсаң кетеді ,
Алақанын жазып ... (гүл – цветок - flower)
5.Өзі сөйлеу білмейді ,
Салған ізі сөйлейді. (қалам – ручка - pen )
6.Ақ сандығым ашылды ,
Ішінен жібек шашылды . (күн – солнце - sun)
7.Өзі бір қу,
Жүрген жері айқай мен шу. (түлкі – лиса –fox
“Мен
саған , сен маған”ойыны
Мақсаты : оқушылар бір – біріне қарама – қарсы сұрақ
қою (миға шабуыл жасау)арқылы тақырыпты біліп , меңгереді.
Мысалға «Дыбыстар мен әріптер»тақырыбын алайық.
-
Дыбыс дегеніміз не?
- … .
- Әріп
дегеніміз не?
- … .
-
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-
(сұрақтар өрбіп кете береді)
9
“Күн шуағы”ойыны.
Мақсаты: оқушылар сабақты қорыту барысында берілген
тапсырмалар мен қойылған сұрақтарға жауап береді.
1.Дауысты дыбыстарды ата.
2.Өзің білетін бір мақалды айт.
3.Ү дыбысы қандай дыбыс?
4.Өзіңбілетін бір жұмбақтыайт.
5.З дыбысы қандай дыбыс?
6.Көгершін қандай құс?
“Өз жұбыңды тап” ойыны.
Мақсаты:жуан және жіңішке дауыстылардың жұптарын
табу.Және сол дыбыстарға байланысты сөздер ойлап табу.
А
Ү Жұптарын сызықтармен қосады .
О
І Сөз ойлап табады.
Ұ
Ә
Ы Ө
“Көршіңмен талқыла” ойыны.
Мақсаты: шашылған сөздерден мақал құрастыруды
меңгерту және дұрыс жазу сауаттылығын ашу.
1.Тамырымен , адам , ағаш , мықты .
Артық , достан , жаман , таяқ , мықты .
3.Қарамайды , жорға , жолдасына , мінген .
“Жалғастыр” ойыны
Мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін
арттыру.
“Не істеуге болмайды?”
*Үлкендердің алдынан …… (кесіп өтуге болмайды)
10
*Кішкене баланы …….. (жылатуға болмайды)
*Құстарды …… (атуға болмайды)
*Қыз баланы ……
(ренжітуге болмайды)
*Сабақтан ……
(кешігуге болмайды)
*Сыныпта ……
(айғайлауға болмайды)
“Не істеу керек?”
*Үлкен кісіні …… (сыйлау керек)
*Үлкеннің тілін ……
(алу керек)
*Үлкендерге ……
(сәлем беру керек)
*Кішілерге ……
(қамқор болу керек)
*Оқу құралдарын …… (күтіп ұстау керек)
*Тәртіпті ……
(болу керек)
“Ат қой” ойыны.
Мақсаты: сұрау – өлеңге ат қойдыру арқылы
оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру.
1.Өрнектеп , сәндеп ,
Тігістерін
бүгетін
Солпысын
жөндеп
Кім көйлек
тігетін? /Тігінші/
2.Дәрігер емес бірақ ол.
Дәм мәзірін
қаласаң ,
Алға ұсынып
тқрады ол . /Аспаз/
3.Барша жұртты қаратқан
Бейнегер
кім тым асқан? /Суретші/
4.Ала таяқ ұстаған
Жол
тәртібін нұсқаған
11
Өміріңді
күзеткен ,
Ысқырығы
күшті адам . / Жол полициясы/
5.Көрінбейді өзі ,
Естіледі
сөзі . /Радио жүргізуші/
“Сәйкестендір” ойыны.
Мақсаты: мәтінді құрастыру арқылы шығармашылық
қабілетін арттыру.
Шарты: оқушылар берілген әр сұрақтың жауабын дұрыс
сәйкестендіре отырып ,толық мәтінді құрастырып шығарады.
“Кім зерек?” ойыны.
Мақсаты: оқушыны тапқырлыққа , шапшаңдыққа
тәрбиелеу.
Шарты: оқушы берілген сұрақтың жауабын мәтін ішінен
жылдам тауып алады. Кім зерек болса сол табады.
“Мейірімді,мейірімсіз кейіпкерлер ”ойыны.
Мақсаты: ой –
қиялды дамыту арқылы көрегенділікке тәрбиелеу.
Ойынның шарты: слайдтағы ертегі кейіпкерлерін көру
арқылы оның қандай кейіпкер екенін анықтау.Егер мейірімді кейіпкер болса ,
қызыл текшені көтеру , ал мейірімсіз кейіпкер болса қара түстіні көтеру.
“Буындап сөз құрау” ойыны.
Мақсаты: екі буыннан сөз құрату.
Ойынның шарты: ойынды екі бала ойнайды.
1 – ші бала :
1)ас- 2)са- 3) ком-
2 – ші бала :
1)пан 2)бақ 3)байн
(осылайша 3 буынды сөзді 3баладан , 4 буынды сөзді 4
баладан ойнатуға болады)
“Ойлан , тап!” ойыны.
Мақсаты:
сын есім мен зат есім сөздерді қайталату.
Ойынның шарты: төмендегі сын есімдерге жақша
ішіндегі зат есімдердің лайықтысын
тіркеп жазу қажет.
12
Өнерпаз
(cөйлем)
Түйінді
(шопан)
Жасанды
(бала)
Басыңқы
(суретші)
Әуесқой
(ой)
Таңдаулы
(адам)
Сөзшең (тіс)
“Дұрысын айт” ойыны.
Мақсаты: оқушының ойлау қабілетін дамыту.
Ойынның шарты: оқушы сипат түрлерінің қандай малға
тән екенін анықтайды.
Тебеген ……. Тістеуік …….
Сүзеген ……. Қалың
шудалы …….
Үркек ……. Ай
мүйізді …….
Жібек жүнді ……. Сүтті …….
Күлте жалды ……. Жүндес …….
Ойын .“Сын есім мен зат есім”
Мақсаты: сын есім мен зат есім сөздерді байланыстыра
сөйлей білуге және шапшаң ойлай алуға үйрету.
Ойынның шарты: Ойынға 2 баладан қатысады.Бірінші
бала кілең сын есімдерді атайды.Екінші бала оған лайықты зат есім тіркестіріп
тез – тез айтуы керек.Келесі 2 бала берілген зат есім алдына сын есім тіркеп
кезектесіп айтып шығады.
Мысалы:
Мал – семіз
мал
Жігіт – батыр
жігіт
Гүл – әдемі гүл
Сорпа – дәмді сорпа
13
Алма – тәтті алма
/жаңылмай , дұрыс айтқан бала жеңеді/
Жарыс ойын.”Кім жылдам
жаза алады?”
Мақсаты: берілген тапсырманы жылдам әрі тиянақты
орындауға дағдыландыру.
Ойынның шарты. Мұғалім: “Біркелкі әріптерден
басталатын зат есімдер тауып жазу керек” – деп тапсырма береді.Тақтаға бірден 3
бала шығып , әрқайсысы өзі қалаған әріптен басталатын сөздерді жарыса жазады.
2 минут ішінде көп сөз тауып жылдам жазған бала
ұтады.
“Он
сөз” ойыны.
Мақсаты: Біріккен сөздерді қайталап , бекіту.
Оқушылардың жылдам ойлау қабілетін дамыту.
Ойынның шарты.Оқулықта берілген мысалдардан басқа
өздерің ойлап , бір сөзімен басталатын 10 біріккен сөз тауып жазыңдар.
Кім
бұрын жазып шықса , сол жеңіске жетеді.
“Бірге ме , бөлек пе?” ойыны.
Мақсаты: сауатты жазып үйренуге дағдыландыру.
Берілетін тапсырма:
Төмендегі сөздердің алдына бей буынын келтіріп
жазыңдар.Ол бірге жазыла ма , бөлек жазыла ма ? Бұл сөздер қандай ұғым береді ?
Бақ , бастақ , берекет , жай , күнә , маза , мәлім ,
мезгіл , сауат , таныс , тарап , уақ , хабар , шара .
“Дұрыс жауап тауып жаз” ойыны.
Мақсаты: дұрыс ойлап , сауатты жазуға дағдыландыру
және дұрыс шешім қабылдай білуге үйрету.
Төмендегідей сұрақтар беріледі:
1.Нанды неден пісіреді?
2.Айранды неден жасайды?
3.Жазуды немен жазады?
14
4.Машина қайда жасалады?
5.Қандай бас неге тыным бермейді?
“Сөздердің баламасын тауып жаз”
ойыны.
Мақсаты: ой – қиялын дамыту.
Тапсырмалар:
1.Кітап , газет , журналдардың жалпы аты.
2.Қолға киетін киім.
3.Балалардың қардан үйіп жасайтын ойыны.
4.Мал азығының жалпы аты.
5.Азулы мысық түстес жыртқыш аң .
6.Жұмыс істемейтін күн.
“Дара ,
күрделі сын есімдер” ойыны.
Мақсаты: ойлау қабілеттерін дамытып , қателіктер
жібермеуге үйрету.
Ойынның шарты:
Ойынға қатысушылардың әрқайсысы дара және күрделі
сын есімдерге мысал ойлап айтулары керек.Ойланып алуға 2 – 3 минут уақыт
беріледі Бастаушы әр балаға қарап : “дара” , “күрделі” , “дара” , “күрделі” -
деп белгі беріп тұрады.Сол белгіге сәйкес әркім ойлаған мысалдарын
айтады.Бірінің айтқанын екіншісі қайталамау керек.
Бөгелмей
дұрыс мысал тауып айтқан балаларға мақтау жарияланады. Кейбір балаларға сол
ойлаған сөздерін кірістіріп , сөйлем құрап айту тапсырылады.
“Қандай
сөздерден қысқарып жасалған?” ойыны.
Мақсаты: Логикалық ойлау қабілетін
арттыру.Шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Тапсырма:
Төмендегі апар , кг , екл , дм , әпер , квт , мм
сөздерінің қандай сөздерден қысқарып жасалғанын айтып , толық түрін жазыңдар.
Тапсырманы дұрыс орындағандар марапатталады.
15
“Дәл тауып
айтыңдар” ойыны.
Мақсаты: қос сөздерді қайталату және дұрыс сөйлем
құрастыру арқылы біліктілігін арттыру.
Ойынның шарты:
Бастаушы қос сөздерлің бірінші сыңарын атайды. Қол
көтерген бала екінші сыңарын тауып айтады.Екінші ретте бастаушы екінші сыңарын
атайды , оқушылыр бірінші сыңарын тауып айтады.Емлесін де еске түсіріп , сөйлем
құрап айтқызутапсырылады.
Дәл тауып , дұрыс айтқан балалар жеңіске ие
болады.
Көңілді
шумақтар
Мақсаты: жақсылық пен жамандықты ажырата білуге және
жақсы нәрсеге жақын болып , жамандықтан бойын аулақ ұстауға үйрету.Ұйқас түріне
назар аударту , шығармашылыққа баулу және мәнерлеп оқу мәдениетін қалыптас-
тыру .
1 – Бір
Же1 екен 1қазан ,
Ке1 жемді 1қазан
1 – ақ сәтте қойды жеп ,
Күбір етті :
“Тойдым” – деп ,
Естіп 1 кез дү1ді ,
Жағадағы тү1ді
Паналауға жүгірді.
2 –Екі
Баласына же2ріп ,
Ұрсып жатыр К2лік ;
- 2леніп ,
с2ріп ,
16
Алып қапсың “2лік”.
2ншілей “2ңді”
Көрсетпе ! – деп ж2ді .
К2рейіп баласы ,
2ленбей таласып ,
Жоймасам ба “2мді!”
Деп б2нген секілді .
3 – Ү ш
3 тентек баласы
3нші кластың
Доп 3ін таласып ,
К3терін сынасты .
Бір допты кішкене
3еуі ап құшаққа ,
Барынша к3ене ,
Тартысты 3 жаққа …
3 досқа
Үйшікте
Жатқан кеп к3ік те ,
Тұмсығын 3кілдеу
Көтеріп , т3кірді .
“Жағдай м3кілдеу “ , -
Дегендей , 3 үрді –
Өзінше 3 досты
Басқансып , “3кірді”.
17
5 – Бес
“Те5ің”, - деп , - қойларды ,-
5ті айғырды қораның
Тө5іне лақтырдым .
5аспап батырмын .
Сен5ең , сұрағын ;
5іктегі бөпемнен ,
5 жастағы көкемнен
6 – Алты
6 бала ел с6н баққан
Тепті ұзақ күн 6бақан
Бөсті бізге 6н тым
-Тұрмаушы едім қ6рап ,
Б6қта көп м6дым ;
Жауырыным ж6рап ,
Көрінбейтін б6рым .
10 – Он
10 бала қоршады
10ыншы вагонды ,
Т10 әкеп қарсы алды
Ағайды пог10ды .
Құрметті бұл қ10ақ
Ауылға ж10дағы ,
С10арда ол болмақ
Аңшымен с10дағы .
18
“Адасқан атаулар” ойыны.
Мақсаты : қырағылыққа , алғырлыққа тәрбиелеу.
Ойынның шарты: көп нүктенің орнына жақша ішіндегі
әріптің тиістісін қояды.
Қолына алып қа…ықты /с-з/
Ашқарақ асқа асықты .
Жарасқа бәрі күліпті
Жазда е…ік киіп жүріпті . /с-т/
Балық аулай барғанмын мен
Шортан ілдім …армағыммен /б-қ/
Қол бұлғайды балалар
Келеді ұшып тыр…алар . /м-н/
Түні бойы б…қалар /ұ-а/
“Бақ-бақ” – десіп жақ талар .
Татты да сорпаны ,
…ұз салды ол тағы. /т-м/
Тапсырманы кім қатесіз орындаса сол жеңіп шыққан болады.
“Көкөністерді толықтыр” ойыны.
Мақсаты: оқушыларды тапқырлыққа , ізденімпаздыққа
тәрбиелеу.
Ойынның шарты : мұғалім тақтаға көкөністердің
суретін іледі.Көкөністердің бір суреті ілінбей қалады.Мұғалім оқушыларға
көкөністердің қайсысы жоқ екенін тапқызып , айтқызады.
Ойлануға 1 минут қана уақыт беріледі.
“Моншақ сөз” ойыны.
Мақсаты: мәнерлеп оқу машығын жетілдіру.
Ойынның шарты : жұмбақты оқып , оны шешу талабы
қойылады.Оқудың тізбектеп оқу , үзіліссіз оқу , жүргізіп оқу сияқты тағы да
басқа тәсілдерін қолданамыз .
19
Жұмбақ .
Тау басында тамаша үй .
Ол не? (ұя)
“Кім бәрін біледі?” ойыны.
Мақсаты: мақал –мәтелдерді қайталату арқылы
шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Ойынның шарты:
Бастаушы төмендегі заттардың (нәрселердің) суреті
салынған қағазды тақтаға іледі де , осы заттарға байланысты айтылатын мақал –
мәтелдерді кім біледі деп сұрайды .
Суреттер мыналар: Арба . Шана . Тау . От . Түйе .
Сиыр . Қой . Ит . Тышқан .
“Тасымалданады ,
тасымалданбайды” ойыны.
Мақсаты : сұрақ қою әдісі арқылы білімдерін бекіту.
Ойынның шарты :
Бастаушы ойынға қатысушыларды екі топқа бөледі де:
бірінші топқа тасымалданатын , екінші топқа тасымалданбайтын сөздер ойлап
табуды тапсырады.Тақтаны да солай бормен екіге бөліп , бір бөлігіне
“тасымалданады” , екінші бөлігіне “тасымалданбайды” деп жазып қояды. Ойлап
тапқан сөздерін балалар тақтаның екі бөлігіне тиісінше жазып көрсетеді.Қатесі
болса түзеттіреді.
Жетекші
сұрақ арқылы бастаушы оқушылардың өздеріне қорытынды жасатады.
Жетекші сұрақтар:
1.Қандай сөз , буын , қосымша тасымалданбайды ?
2.Тыныс белгілерін тасымалдауға бола ма?
20
3.Екі дауысты дыбыстың ортасында келген й
дыбысы тасымалдағанда қай буынға көшеді?
«Ойыншықпен
ойнаймыз» ойыны .
Ойынның мақсаты : Сөздерден сөйлем құрастыруға
үйрету . Көру және есту қабілетін дамыту .
Қажетті құралдар . Ойын бөлмесіндегі ойыншықтар .
Екі – үш жаңа ойыншықтар .
Ойынның
барысы .
Оқытушы
ойын бөлмесіндегі ескі және жаңа ойыншықтарды белгілі бір ретпен қатарлап қояды
.Балалардан бұрын қай ойыншықтардың болмағанын сұрайды . Балалар жаңа ойыншықтарды
тауып , көрсетеді . Оқытушы жаңа ойыншық түрлерін атауды сұрайды . Егер ,
ойыншықтың атауын бала дұрыс айта алмаса , оқытушы оның атауын дұрыс айтып ,
баладан оны қайталауын сұрайды . Одан соң оқытушы балалардан ойыншықтың
орналасу қалпын сұрайды . Балаларға ойыншықтармен ойнауға рұқсат беріледі . Ең
соңында «Ойыншықтарды орнына дұрыс қой»
деген бұйрық беріледі . Балалар ойыншықтарды ретімен алғашқы қалыптағы орнына
қояды .
Ойынның бұл
түрі баланың көру қабілетін дамытады . Және олардың есте сақтау қабілеті мен
тыңдай білу қабілеті қалыптасады .
21
Пайдаланылған әдебиеттер
1.М.Жанпейісова . “Оқытудың жаңа технологиялары”
2.Е.Өтетілеуов . “Ең күшті адам”, Раритет , 2008 ж.
3.Оқытушылардың шығармашылық жұмыстарынан .