Уақытты текке өткізбе
Тез хабар бер «101»-ге.
Мақсаты: Өрттен сақтану, өртті болыдырмау жөнінде
түсініктер беру.
Ойын арқылы өрттен
сақтану туралы дағды қалыптастыру.
Жауапкершілікке,
ептілікке тәрбиелеу.
Коррекциялық
мақсаты: сөздік қорларын дамыту, сөздерді
анық айтуға үйрету.
Көрнекіліктер:
-Балалардың өрт туралы суреттері.
-Өрт сөндіру
құралдарын салу.
-Суретті плакаттар.
-«Өртке
қатысты»жаднамалар.
-Лозунгтер.
Жүру-барысы. І.
Өтетін оынды безендіру, жасақтау.
І.2.Балалардың
дайындығын пысықтап, киімдерін ретке
келтіру.
І.3.Қажетті көрнекі
құралдарды түгендеу, сайыс кезеңі бойынша рет-ретімен қою.
ІІ.Сайыстың басталуы.
Қайырлы күн ұстаздар, қонақтар, оқушылар!
Мектепішілік «
Уақытты текке өткізбе, Тез хабар бер «101»-ге. » атты шарамызға қош келдіңіздер!
От: досың әрі жауың. Оттың адам өмірінде алатын орны өте ерекше. Егер, отты тым
асыра дұрыс пайдалана алмасақ, біз үшін орын толмас зор қайғы-қасірет әкелері
хақ. Сондықтан да осы отырған әрқайыссымыз отты пайдаланғанда аса сақ болуымыз
керек. Тұрмыста отты үнемділікпен, жауапкершілікпен мұқият ережелерді сақтай
отырып пайдалану керек.
Балалардың отпен ойнауы-өрт шығуының кең таралған
себептерінің бірі болып табылады. Жалғыз қалған балалар көбіне сіріңкемен
ойнап, оның арты қайғылы жағдайға әкеледі. «Өрт –тілсіз жау» деп бекер
айтылмаған.
«101»-ге ХАБАРЛАСУДЫ ҰМЫТПАҢДАР!
Шарамызға қош келдіңіздер! Ортаға жеңіске деген жігермен
алға ұмтылған топтарды ортаға шақырамыз.
(
Екі топ ортаға келеді.)
Сайысқа қатысушы топтардың іс-әрекетіне баға беретін әділ-қазылар
алқасын таныстырып өтейін.
Төрайымы.
Мүшелері:
ІІ.1. Сайысымыздың алғашқы кезеңі «Сәлемдесу.»
«Алау» тобы. Ұраны: «Тату болсаң, жеңіске
жетесің!»
«Жалын
» тобы. Ұраны: «Жеңіске жетуге талпынамыз!»
Төс
белгілерін алмастырады.
2.
«Кім тапқыр?»
сұраққа жауап беру.
Жалын
тобына:
-Өрт сөндіру қызметін шақыру үшін неге «101» нөмері
таңдалынып алынған?
(себебі, ол-қарапайым, әрі оңай. Есте сақтауға жеңіл.
Екіншіден, ол қысқа, қараңғы жерде де теруге ыңғайлы.)
-Өрт сөндіру қызметін шақыру кезінде 101-телефоны арқылы
қандай ақпараттар беру қажет.
(өрт болған нысанның орналасқан мекен-жайын, өрттің шығу
орны мен өзінің фамилиясын дереу хабарлау қажет)
-Өрт сөндірудің
алғашқы құралдарына нелер жатады?
(2 көпіршікті өртсөндіргіштер, 2 шелек, күрек пен балта,
багор, лом. Қалқан жанында құм салынған жәшік болуы керек.)
-Өрт болып жатқан үйдегі немесе пәтердегі терезені
сындыруға бола ма?
( Болмайды. Себебі,
сынған терезе арқылы үйге ауа келеді де, ол өрттің иодан әрі күшеюіне
әкеледі).
Алау
тобына:
-Егер үйде газ ашық қалып, үйге таралған жағдайда электр
жарығын қосу керек пе?
( электр қосқышты, разетканы пайдаланған кезде жалын шарпуы мүмкін, осының нәтижесінде
газдың жарылысы болады).
-Өрт сөндірушінің қызмет киімі қандай қызмет атқарады?
( өрт сөндірушіні судан, жоғарғы температурадан, өрт
сөндіру кезіндегі түрлі травмалық жарақаттардан қорғайды).
-Пешке от жағу кезінде қандай өрт сөндіру ережелерін
сақтау қажет?
(отынды бензинмен, керосинмен жағуға болмайды. Пешке
жанармай материалдарын салуға және балалардың
отты тұтатуына болмайды..)
-Төгілген бензинді қалай сөндіруге болады?
( құм төгіп тастау қажет немесе қалың матамен жауып өшіру
керек).
3. «Тез әрі епті »
ойыны.
Шарты:
кедергілер арқылы жүгіріп өтіп, болып жатқан өртті өшіру керек. Жүгіріп
келіп, келесі ойыншыға эстафетаны жалғастырады.
АЛҒАШ БОЛҒАН ТОП
ЖЕҢІМПАЗ АТАНАДЫ.
4. ОТ ПЕН СУ
ТІЛСІЗ ЖАУ-СУРЕТШІЛЕР БАЙҚАУЫ.
Әр топтан 1-1 суретші шығып, сурет салады. Жұмыстарын
таныстырып, қорғайды.
Топтың басқа мүшелеріне жұмбақ қойылады.
Жалын
тобына:
-Жаурағанды күлдірер,
Өз еркіне
жіберсең,
Дүниені бүлдірер. (от)
-Бір үйде тұрады
екен 50 батыр,Үй сыртына сүйкенсе-ақ, өліп жатыр. (сіріңке)
-Көрмедім ешкім үйінде,
Қолданбас бұл бұйымды
Жазып қыртыс-қыртысын
Қонымды етер киімді.( үтік)
-Жалт-жалт етер,
Жалмап кетер. (от)
-Қалпағы бар, Жиегі жоқ
Аузы бар, иегі жоқ.
( шәйнек)
Алау
тобына:
-Бар екен бір жалмауыз жалғанда артық
Жүреді, жүрген шақта өзі шалқып
Темір мен топырақ, тас суды жемес.
Басқаны жеп қояды қойсаң артып. (от)
-Кішкентай ғана мүсәтір,
Ол мүсәтір жоқ болса
Елдің бәрін мүсәпір. (сіріңке)
-Тұмсығы мықты,
Қыр мен ойды
тегістеп шықты. (үтік)
-Желден желігеді,
Судан шегінеді. (от)
-Түймесін басқан,
Сәулесін шашқан. (электр шамы)
5. «Ептілер»
ойыны.
-Ойын шарты:
Ойынға қатысушы арқасында өрт сөндірудің алғашқы құралдары жапсырылады.
Ойыншы артына қарамай тез табу керек.
Шарты: Ойынға қатысушының арқасына өрт сөндірудің алғашқы
құралдары жапсырылады. Ойыншы артына жапсырылған құралды дәл таба білуі қажет.
( слайд арқылы сурет көрсетіледі)
6.«Алғашқы жәрдем»
көрсету.
-сынған, қан кету, жарақат кездегі алғашқы жәрдемді айтып түсіндіру.
7. Жағдаяттар
Алау
тобына:
-сендер түстен кейін сабаққа дайындалып отыр едіңдер, кенет
асханадан өрт шықты. Өрттің жалыны күшті. Сен өз тобыңды 2қабаттан далаға қалай
алып шығасың?( 2және 1 қабатты көрсету)
Жалын
тобына:
-демалыс уақытында демалып жатырсыңдар. Сен кенеттен
2қабатта компьютер кабинетінен бастап өрт тұтанып жатқанын естідің. Өз тобыңды
3 қабаттан далаға қалай алып шығасың? (схема 3,2,1қабаттарды )
Алау тобына :-Ұйықтап жатыр
едің, кенет бөлмеде үтіктен тұтанып жанып жатқан матаны немесе киімді көрдің.
Сенің іс -әрекетің...
Жалын
тобына:- Сенің көзің қарсы
үйден өрттің басталып жатқанын байқап қалды. Сен нендей әрекетке көшесің ,
қандай мәлімет бересің?
8.Ойын
Шарты: Әр командаға берілген скакалкамен допқа дейін
секіріп, скакалканы доптың орнына қойып, допты аяқтың ортасына қыстырып,
командаға қайта жүгіреді де, эстафетаны береді.
Қорытындылау. Ұстаздар, оқушылар бүгінгі сайысымыз аяқталды.
Екі топтың мүшелеріне көп-көп рахмет. Әділ қазыларға сөз
береміз.
Бүгінгі сайыста топтарға жанкүйер болған
көрермендерімізде бар. Сөз кезегін жанкүйерлердің өрт туралы тақпақтарына береміз.