«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Ковыленка ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Ковыленка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ауғаныстан- журектегі жара

05.04.2019

Ауғаныстан- журектегі жара

Сынып: 6 «А»

Тәрбие сағаты:

«Ауғаныстан- журектегі жара»

Мақсаты:

Білімділігі: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру.

“Ауған соғысы” – жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлерінен мәлімет алу.

Дамытушылық: Тарихи деректердің маңыздысын аша білуге және материалдарды диалектикалық тұрғыдан талдай білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Тәуелсіздік жолында күрескен аға-апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу.

Әдісі: еске алу сабағы

Көрнекілігі:  Тақырыпқа сай слайд. Интерактивтік тақта.

Сабақ бағдарламасы:

1.     Ауғанстан соғысы тарихы туралы баяндама

2.     Майданда туған жыр

3.     «Қанжардан құтқарған қазақ тілі» (көрініс)

4.     Мақал-мәтелдер сайысы.

5.     Қорытынды

Жүргізуші:

Сол Ауғанда талай досты жерледік

Қарлы шыңға күн түн демей өрледік

Сұрапылда ерледік те шерледік

Намыс туын қолдан бірақ бермедік

 Армысыздар қымбатты ұстаздар, оқушылар және бүгінгі кездесуіміздің  аса құрметті қонақтары!

   Әнұран.

Жүргізуші:

Соғыс жан алып – жан беру

Соғыс халықтың басына келген қасірет, жұт

 Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 23жыл толуына  байланысты

«Ауғанстан- жүректегі жара» тақырыбындағы кешімізді ашық деп жариялаймыз. 

Жүгізуші:

1989 жылы, Ақпан айының 15-де талай аналарды перзеттерден айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз  қаза  тапқан қасіретті де, қайғылы да «Ауған соғысы»  аяқталды. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі  ел есінде сақталуда. Бүгінде «Ауған соғысы» қажет пе еді???  деген сұрақтар көп қойылған кезде, біз жастар, еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын  Отан алдындағы борыштарын  адал атқарған азаматтар деп құрмет тұтамыз.

Сыныбымыздың оқушысы Cағадатова Риза   Соғыстың тарихынан қысқа баяндама жазып келіпті соны тыңдаңыздар.

         КОКП ж/е КСРО басшылығы Ауғаныстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген "Халықтық-демократиялық үкіметті" қолдап, көршілес елдің социалистік бағытпен дамуын көздеп интернационалдық әскери жәрдем береміз деген желеумен оның ішкі істеріне араласты. 1965 жылы қаңтарда Ауғаныстанда Кеңес Одағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті тыңшыларының қатысуымен астыртын қызмет атқарған Ауғаныстан халықтық-демократиялық партиясы құрылып, біраздан соң ол екіге бөлініп "Халық" тобын Н.М.Тараки, Х.Амин, ал "Парчам" тобын Б.Кармал басқарды. 1977 жылы мамырда Мәскеудің нұсқауымен Ауғаныстан халықтық-демократиялық партиясының екі тобы бірігіп астыртын қимылдарын ұлғайта түсті. Мұхаммед Дауд үкіметі халықтық-демократиялық партиясына қысым жасап, 1978 жылдың 26сәуірінде оның бала-шағасымен қазаға ұшырады. Сөйтіп Ауғаныстанда АХДП билігі орнады. Жаңа үкімет КСРО-ның айтқанынан шықпай, бірден социализм негізін қалауға көшті. Жер реформасын енгізу, діндарларды қудалау, ағарту саласындағы өзгерістер, кеңестік романдарды көбірек пайдалану жергілікті көшпелі тайпалардың әдет-ғұрпымен, салт-мүддесімен санаспау, т.б. бұхара халықтың наразылық тудырды. 1978 жылы қазанда ірі қақтығусылар басталды. Ауған үкіметі КСРО мен достық тату көршілік ж/е ынтымақтастық туралы шартқа отырып Мәскеу арқа сүйеді. Алайда халық күресі одан әрі күшейе түсті. 1979 жылдың ақырында 26 уәлаятта 18 көтеріліс өрті лаулады. Сондай жағдайда АХДП басшылары өзара тартысып, Кармаль тобы жеңіліп оның өзін Чехославакияға елші етіп жіберді. Келесі жылы қыркүйекте Тараки Аминнің қолынан қаза тауып, АХДП мен мемлекет басына Амин отырады. Бұл жағдайда Мәскеу өз мүддесіне қауіп ретінде қабылдады. КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті Аминді қызметінен шеттетіп "парчамшыларды" билікке әкелуге әрекеттенді. 1979 жылы 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы Л.И.Брежнев, Ю.В.Андропов, М.А.Суслов, Д.Ф.Устинов Ауғаныстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп 1979 жылы 25 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғаныстан шекарасынан өтіп онда 1989 жылдың ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Қазақстан  ауған соғысына 22 000 адам қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті. 

  Жүргізуші:

Ауған жерінде интернационалдық парызын өтеу барысында қайтыс болған  жерлесіміз :           Сергей

  Жүргізуші:

Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын,

Қабірлері нұрға орансын, суық көрде жылынсын

Есіл ерлер ескерткішке айналсаңда біз үшін

Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісіңдер, тірісіңдер!

  Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып 1 минут  үнсіздікпен еске алуыңызды сұраймыз. 

Рахмет отырыңыздар! 

  Жүргізуші: 

Ардагерлер

Айтса ертек көгендері

Тайбандары таймаған өрден кері

Сыңғырлап сыр шертеді жиындарда,

Кеуде толы жарқырап ордендері.

   Сөз кезегі «Интернацил» ағамыз Қайрат ағаға  

   Жүргізуші

  Сыныбымыздың оқушылары соғыс кезінде жазылған өлең жырлардан үзінді оқиды.

  Жүргізуші 

Жалт ете қап оқ жаудан ұшқан,

Сен құлаган  көлбетіп таулы алыстан.

Елестейсің көзіме қасірет боп

Қайғым  да сен мәңгілік- Ауғаныстан!

Ендігі сөз кезегі мектебіміздің  алғашкы әскери  дайындық  пәні мұғалімі Айдар Салимовичке беріледі

 

  Жүргізуші

Бәріміз де Отанды сүйетін, елін, жерін қорғайтын батыр атаның ұрпақтарымыз. Егеменді Қазақстанның патриот ұландарымыз.

Ән: Жұлдыз

  Жүргізуші

О, олардың көз жасының татымын

Татып көрсен ойланар ең пақырым

Халық болып ешқашанда оңбайды

Жылатқан ел ақыны мен батырын

Жүргізуші залда ойын өткізеді.

“Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ”

Сабағымызды «Атамекен» әнімен аяқтағымыз келіп отыр. .

Мұғалім сабақты қорытындылайды.

Просмотров: 492


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст