Текст
«9 ай – 9 әрекет» бағдарламасы аясында мектебіміздің оқушылары қатысты. «Жасыл мекен» челленджінің мәні – көктемде көшет отырғызу. «Жасыл мекен» челленджі оқушыларды экологиялық мәдениетке, табиғат пен қоршаған ортаға құрметпен қарауға, еңбексүйгіштікке, қоршаған ортаны көгалдандыруға тәрбиелеуге бағытталған. Көшеттерді отырғызу балаларда қоршаған ортаға, айналасындағы адамдарға деген қамқорлық сезімін дамытуға әкеледі.