«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Ковыленка ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Ковыленка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

6-8 "А" сыныбының I-жарты жылдық бойынша өткізілген тәрбие жұмыстарының есебі

03.03.2018

6-8 "А" сыныбының I-жарты жылдық

бойынша

өткізілген тәрбие  жұмыстарының есебі

Қоғам өркендеп, заман

көркейгенмен жаны азған, тілден, діннен безген, арбау мен алдау, кісі өлтіру

мен ұрлық, әділетсіздік пен қайырымсыздық сияқты келеңсіз жағдайлардың кездесуі

- ата-ана, мектеп, жұртшылық тарапынан тәрбиенің кеміс түсіп жатқанының айғағы.

Сондықтан қазіргі таңда мектептің алдында тұрған өзекті

мәселелердің бірі - білім берумен қатар тәрбие жүйесін жетілдіру. Жалпы білімді

ізгілендіре отырып, тәрбие беру жолдары қандай? Тәрбие беру жолдарын қалай

жетілдіруге болады? Міне, педагог қауымды ойландырып отырған осындай мәселелер

біздің мектебімізде  төмендегідей жолдармен шешімін табуда.

 Тәрбие мәртебесін көтеруді көздейтін

бағдарлама мектептің алдына жүктейтін міндеттерді, мақсатын, ұстанымдарды

өзінің айқындығымен, нақтылығымен жандандыра түседі.

 Мектептің

тәрбие жұмысы бойынша өзекті мәселесі:

 Мектептегі тәрбие жұмыстарын жаңа

технологияларды пайдалана отырып, дамыту. Дені сау, ұлттық сезімі оянған,

рухани ойлау дәрежесі биік, еңбекқор, білімді, алдына мақсат қойып, оған жетер

жол таба білетін ұрпақ тәрбиелеуге жағдай жасау.

Мақсаты:

    Ашық ақпараттанған,

әлеуметтік жағынан мығым,  танымдық және шығармашылық әрекетке білімді

ортаны дайындау арқылы оқушылардың  жеке тұлға ретінде өзін-өзі дамыту,

өзін-өзі танытуын ұйымдастыру.

 

Міндеттері:

•      Тәрбиелеу

және дамытушылық іс-әрекетін ұйымдастыру;

•      Құзіреттілікті

қалыптастыру және дамыту;

•      Оқушының

жеке тұлғасының қалыптасуына көмектесу, оның ішкі мүмкіншілігі, бейімділігі,

мақсат-мүдделері мен шығармашылық қабілеттерінің байқалуы мен қалыптасуына

жағдай жасау.

•      Ел

президентінің «Қазақстан 2050» жолдауын жүзеге асыру.

•      Жас

мамандардың жұмысына жан-жақты әдістемелік көмек беру;

•      Қылмысты

болдырмаудың алдын алу мақсатында сынып жетекшілері мен ата-аналарының жұмысын

жетілдіру, сынып жетекшілерінің кәсіби деңгейлеріне зерттеу жұмысын жүргізу,

•      Мұғалім

беделінің артуына жағдай жасау, озат тәрбиені кеңінен насихаттау, тарату;

•      Еліміздің

тағдырын мықты қолда ұстай алатын болуы үшін дұрыс кәсіптік бағдар беру.

•       Биылғы

оқу жылында 12 бағыт бойынша жұмыс жоспарланды.

Мектептегі ата – аналармен жұмыстың кең тараған

түрлері: жиналыстар, конференциялар, біріккен шаралар, сайыстар, тренингтер

т.б.

 Ата – ана әртүрлі, олардың мектепке

көзқарасы да сан алуан. Сол үшін алдымен ата – ана өзін тану үшін психологиялық

ойындар, тренингтер, сауалнамалар жүргізілді. Әрине, кез келген ата – ана өзі

туралы да, баласы туралы да жоғары пікірде болады.Сондықтан бұл жұмыстар

бастапқы кезде ойын, сергіту ретінде жүргізілді.Өздерін, балаларын жаңа қырынан

көре алатынын байқаған ата – аналар белсендігі арта түсті. Бала

тәрбиесіндегі ата –ананың ролі басым екендігін, бала тәрбиесіне көңіл аз бөлінетінін

мойындап, жауапкершілікті сезініп отыр. Мектеп пен жанұяның тәрбие

берудегі біріккен іс-әрекеттерінде әртүрлі әдістер қолданылады. Оны екі топқа

бөлуге болады: бірінші әдістерге оқушыларға ата-аналардың педагогикалық

мәдениетін көтеру арқылы әсер ету

жатса, екіншісіне - тікелей әсер ету жатады. Бірінші топқа ата-аналар жиналысын

жатқызуға болады. Қыркүйек айындағы алғашқы ата-аналар жиналысында  

тәрбие беру шараларын өткізудің маңыздылығына тоқталып, балаларға тәрбие

берудің жолдары айтылады. Балаларға тәрбие берудің жас ерекшеліктеріне

тоқталып, осы бағыттада жүргізіліп жатқан жұмыстармен, кейбір заң актілерімен

таныстырылды. Оқушылардың сабаққа қатысуын тіркейтін арнайы дәптер

ашылған.  Ауырған балалардың жағдайын сынып жетекшілер үйлеріне барып

біліп отырады. Ауыл медбикесімен байланыс жасалынады.Мектепке келген, не

мектептен кеткен оқушылардың  құжаттары түгел рәсімделген.

  Сабақтан тыс уақыттарын тиімді өткізу

мақсатында қызығушылықтарына байланысты оқушылар үйірмелер мен секцияларға

жазылды.

Ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеуді жүзеге асыру

үшін, баланы адамгершілік мұратқа ерте бастан баулу оның отбасынан басталып,

мектеп қабырғасында жалғасын табады. Оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу

жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыруда, ең алдымен, адам моралы туралы мәліметтер

берілді. Бала морал ұстанымдарын, нормасы мен мәнін түсінуден құрбы-құрдастары

мен басқа адамдардың қылықтарын бағалауға үйренеді.

Сабаққа мүлде келмейтін, себепсіз қалатын

оқушылар жоқ.

Үлгерімі нашар, қабылдауы төмен, көңіл күйі бір

қалыпты емес, орнықсыз оқушылар бар. Ондай оқушылармен пән мұғалімдері қосымша

сабақ өткізіп, ата-аналарымен кездесіп, сабақтарға қатыстырылады. Мектептегі

үйірмелерге тартып, жеке тапсырмалар беріп, орындалуын қадағалап, нәтижесі

сараланып отырады.Жыл басында «Мектеп ережесі- оқушының құқығы мен міндеті»

жасалып, оқушыларға таныстырылды. Негізгі мақсаты: оқушылар бойында өз ісіне

деген жауапкершілікті қалып-тастыру, заңға бағынуға, оны орындауға, құрметтеуге

тәрбиелеу. Одан шыққан міндеттер: жасөспірімдердің бақылаусыз, панасыз қалудың

алдын алу, құқық бұзуға бейім тұратын балаларды анықтау, оларды дұрыс жолға

салу, өз міндеттерін дұрыс атқара алмай жүрген отбасылармен жұмыс жүргізу,нақты

әрекеттер арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту, салауатты өмірге баулу.

 

I-жарты

жылдық бойынша өткізілген сынып сағаттары:

 

Мерзімі

апта

Күні

Тақырыбы

Қыркүйек

1.      

02

Мен өз елімнің патриотымын

2.      

04

Мемлекен басшысыны «Болашаққа

бағдар:рухани жаңғыру»атты мақаласы

3.    

 

11

Мектептің ішкі тәртіп

ережесімен таныстыру

4.    

 

18

«Белсенді ұзақ өмір – 100

жастық ғұмыр кепілі»

5.    

 

25

ЖЖЕ

 Қазан

6.      

02

«Туған елге тағзым»

7.      

09

Менің құқығым

8.      

16

Мәнгілік ел ,бұл жалпыға ортақ

еңбек қоғамы

9.    

 

23

Жол белгілері

Қараша

10.  

06

Мәнгілік ел ,бұл Инновация

негізіндегі тұрақты экономикалық өсім

11.  

13

Патриотизм деген не?

12.  

20

«Жасыл экономика»

13.  

27

Темекі шегу денсаулыққа зиян

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


«КОВЫЛЕНКА НЕГІЗГІ МЕКТЕБІ» ММ

 

 

 

 

Просмотров: 334

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст