«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Ковыленка ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Ковыленка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Адал ұрпақ " тәрбие сағаты

"Адал ұрпақ " тәрбие сағаты

Жемқорлық індет, жою міндет

 

Тақырыбы: Жемқорлық індет, жою міндет
Мақсаты: 1. Оқушыларға адам құқтары жайлы түсініктерін қалыптастыру «жемқорлық»деген не екенін түсіндіру;
2. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттері дамиды; дүниетанымдары кеңейді;
3. Патриоттық тәрбие қалыптасады
Көрнекілігі: Жемқорлық қоғам дерті, суреттер, слайдтар
Түрі: Тәрбие сағаты

Жүрісі:
1. Ұйымдастыру
2. Кіріспе сөз
Сыбайлас жемқорлық туралы түсінік беру.
3. Тәрбие сағаты: Жемқорлық індет, жою міндет
 

1 - оқушы Айбек
1989 жылы әлемнің дамыған 37 мемлекеті халықаралық бизнестегі жемқорлыққа қарсы күресу туралы конвенцияға қол қойды.

2 – оқушы Ерсін
Қазақстан осы конвенцияға қосыла отырып 1998 жылы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы заң қабылдады.

3 - оқушы Бахтияр
Жемқорлық латынша сатып алу. Мемлекеттік басқару құрылымындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерінің жеке бастарының пайдасы мен мүдессі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс - әрекеттері.

4 - оқушы Дильназ
Жамандыққа тосқауылды қояйық,
Пара алғанның жолы жабық қой анық,
«Қазақстан - 2050»- айқын жол,
Күресейік, жемқорлықты жояйық.

5 - оқушы Айзада
Әр ата - ана өнеге берсін балаға,
Тәрбиесіз шоқ жұлдыздың жанама,
Адалдыққа, даналыққа үйретсең,
Жолдан таймас ар болған соң санада.

6 - оқушы Ниязбек
Пара алғандар темір тордан әрі асар,
Алса да оны мойындамай санасар,
Беделі кетіп, қайыры қашып ортадан,
Мәнді өмірі енді қайтіп жарасар.

7 - оқушы Мирас
Қазақ елі байтақ болсын десеңіз,
Жемқорлықтың жолын бірге кесеміз,
Сонда ғана жер гүлденер, ел байып,
Сонда ғана шарықтаймыз, өсеміз.

8 - оқушы Алихан
Егеменді өсер елде тұрам Мен,
Білдіремін сезімімді жыр - әнмен.
Жолыменен Елбасының жүрейік,
«Жемқорлыққа жол жоқ»- деген ұранмен.

9 – оқушы: Әли
2001 жылы Мексикада БҰҰ - ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына қол қоюға арналған. Дүниежүзілік конференция ашылды.
10 - оқушы Ақжол
БҰҰ. 2003 ж 9 желтоқсан күнін халық - қ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн деп жариялады.

11 - оқушы Әбілмәнсүр
Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылдық, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданып, ел экономиясы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығыменен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол – Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.

12 - оқушы Бекжан
Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білеміз.
Қорытынды.

 

 

Жаңартылған күні: 19.05.2020 14:32
Құрылған күні: 19.05.2020 14:32

Текст