«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Ковыленка ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Ковыленка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәрбие жұмысы

2019-2020 оқу жылында 9 «А» сынып оқушыларымен жыл бойына атқарылған тәрбие жұмысының есебі

          Биылғы 2019-2020 оқу жылында тәрбие жұмысының жоспарын 8 бағыт бойынша жасадым.

Сынып ұжымы дамуына талдау:

Сыныпта барлығы 4 оқушы бар. Оның ішінде ұлдар-3, қыздар-1. Сыныптағы барлық оқушылардың жалпы отбасылық жағдайларының қандай екендігімен танысу мақсатында қыркүйек айында үйлерін аралап шықтым. Сыныпты жалпы зерттегенде сыныпта белсенді бірнеше оқушылар бар. Сыныптағы оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасы өте жақсы, қалыпты. Сыныптың топ басшысы Мусин Бахытжан және бірнеше сынып белсенділері бар. Үздік оқитын оқушылар: Мусин Бахытжан, Әсен Азамат. Сыныптың рухани-психологиялық ауа-райы, оқушылардың қарым-қатынастық мінезі – қыз бала өзара да, ер балалармен де сыпайы қарым-қатынаста. Қыз бала сынып ішінде шешім қабылдағанда басымдылық көрсетеді.

Сынып белсенді. Оқушыларым  сынып және мектепішілік, аудандық сайыстарға қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Оқушылар мектептік апталықтарға , аудандық түрлі іс-шаралар мен байқауларға қатысып, белсенділік таныта білді. «IQANAT» олимпиадасына қатысып, 3 оқушы 2 турға өтті. Аудандық пәндер олимпиадасына қатысып, 1оқушы Қазақстан тарихы пәнінен үшінші орынға ие болды. Оқушылардың көркем-эстетикалық, еңбек және шығармашылық таным деңгейі, сынып кабинетінің тазалығын ұстау, мектеп формасын кию, сынып кезекшілігін жауапкершілікпен атқаруда, сенбілік жұмыстарын жүргізуде олардың еңбек, көркем –эстетикалық деңгейін өте жақсы деп бағалауға болады. 

Жыл басында 2019-2020 оқу жылының  тәрбие жұмысы жоспары жасақталып,  жас ұрпақтың бойында азаматтық   және патриотизмді қалыптастыру  мақсатында іс шаралар ұйымдастырылды. Бүкіл тәрбие жұмысы Елбасының  «Мәңгілік Ел- 2050» жолдауында айтып өткендей оқушылардың сындарлы ойлау өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру бағытында жүргізілді. Әдеттегідей, тәрбие жұмысы кабинеттерде техника қауіпсіздігін сақтау, табиғат апаттарынан сақтану, азаматтық қорғаныс жұмыстарын ұйымдастыру шараларымен қабаттастыра өткізілді.

3 тоқсанда сынып сағаттары онлайн форматында өтті. Сыныпта өткен тәрбие шараларының мазмұнынан оқушылардың аса ықыласпен қабылдағаны: "Ауғанстан-жүректегі жара", Желбіре Жеңіс жалауы!,"Ұранды елдің ұрпағы қайсар" атты тәрбие сағаттары.                                                                                    

   Оқушылардың рухани қалыптасуы мен дамуына әсер еткен тәрбие шаралары:

"Ана өмір гүлі-ұлылық иесі", " Ата-ана мен баланың арасындағы махаббат", "Мен елімнің болашағымын".

Саналы тәртіп пен еңбекке деген жауапкершілікті қалыптастыруда ықпал еткен шаралары: " Мамандық өмір таңдауы"," Қауіпсіз ғаламтор".

  Мамырдың 4 күні сыныпта Ұлы жеңістің 75  жылдығына арналған  «Желбіре Жеңіс жалауы!» тәрбие сағаты өтті. Мақсаты еліміздің мақтанышына айналған батыр қыздарымыздың ерліктерін қазіргі жас ұрпаққа паш ету, мақтаныш ету арқылы олардың бойына патриоттық сезімді дарыту. Сонымен қатар 7 мамыр Қазақстан Республикасының қарулы күштер мерекесіне орай "Ұранды елдің ұрпағы қайсар" атты сынып сағаты өтті.  

Жыл қорытындысында сынып оқушылары үлгерімдері 100 пайыз, сапалық құрамы 75 пайызбен оқу жылын аяқтады. Оқушылар жыл бойы мектептің қоғамдық іс шараларына белсене қатысты. Жоспар бойынша қойылған мақсатқа жеттік.

 

 

 

9 «А» сынып жетекшісі: Жантасова А.Б.

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 29.07.2020 10:50
Құрылған күні: 29.07.2020 10:50

Текст